Ресейдің Ростов облысы Сальск қаласында "Магнит" супермаркетінің күзетшісі дүкеннен азық-түлік ұрламақ болған кәрі әйелді ұстап алды. Артынша анықталғаны, ұсталған әйел күзетшінің бұрынғы мұғалімі, әрі мектеп директоры екен.
Күзетші жігіт уақытында ұстазынан "жақсылық көрмесе" керек, жұрттың көзінше оның абыройын төгіп, бұл сәтті видеоға түсіріп алған. Кейін бейнероликті интернетке жүктепті.
Видеороликте әйелдің сөмкесінің астыңғы бөлігінде жасырын қалта бар екені анық көрінеді. Ол қалтаға педагог шпрот, сыр және күлше жасырған екен.
Әлеуметтік желі қолданушылары аталған жайтты қызу талқылап жатыр. Бір тарап күзетшінің әрекетін қолдаса, екіншілері қарт әйелдің "қылмысын" жаһанға жар салудың қажеті жоқ екенін айтып отыр.