$ 498.34  519.72  4.85

Қазақстанның басым бөлігінде тұман, көктайғақ болып, жел күшейеді

Ал Республиканың батысы фронтальды ауа ағынының ықпалында болады. Бұл аймақта қар жауып, бұрқасын болуы ықтимал, деп хабарлайды Skifnews.kz «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түсуі ықтимал. 

Ақмола, Маңғыстау  облыстарында да желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.

Алматы облысында кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады, Алакөл аумағында жылдамдығы 15-20 м/с жел тұрады. 

Қостанай облысында кей жерлерде жел екпіні 18 м/с, түнде және таңертең тұман түседі.

Жамбыл облысында кей жерлерде тұман түсуі мүмкін, көктайғақ, желдің жылдамдығы 17-22 м/с. 

Оңтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде ‒ тұман, көктайғақ, күндіз желдің екпіні ‒ 15-20 м/с. 

Батыс Қазақстан облысында кей жерлерде жел күшеюі күтіледі ‒ 15-20 м/с, бұрқасын болады. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары