Алматыда 11 қаңтар түнгі сағат 03:56 кезінде жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Skifnews.kz «ҚР БҒМ ҒК СТӘЭ» ММ сейсмикалық стансалар желісіне сілтеме жасап.
Мамандардың хабарлауынша, тербеліс эпицентрі Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 248 шақырым жерде Қырғызстан шекарасында болған.
Жер сілкінісінің энергетикалық класы 8.8 болса, магнитудасы MPV 3.9 ал тереңдігі 5 шақырымды құраған.