$ 498.34  519.72  4.85

Алматы тұрғыны әлеуметтік желіде ұлтаралық араздық тудырғаны үшін жауапқа тартылады

Ғаламтор пайдаланушысы әлеуметтік желіде ұлтаралық араздық тударатын хабарлама таратып отырған, деп хабарлайды Skifnews.kz.

Дүйсенбі күні Алматы қаласының Алатау ауданында Татьяна Шевцова-Валоваға қатысты сот процесі өтеді. Татьяна Шевцов-Валова ҚР қылмыстық кодекстің 164 тармағы бойынша айыпталып отыр.

Әлеуметтік желінің 12 пайдаланушысы Шевцова-Валоваға қарсы арыз жазған.

Шағымданушылардың пікірінше Алматы тұрғыны Т. Шевцова-Валова әлеуметтік желіде тұрғындардың ұлтына байланысты намысқа тиетін постар жариялап отырған.

«Бұл жерде КЗ құрғыларың келе ме... () тілдеріңді және өз ұлттарыңды жоғары қоясыңдар ғой. Олай болса, Қырымдағы жағдай солтүстікте де қайталанады. Тіпті, КЗ-ның қалған бөлігі РФ-сының құрамына кіруі мүмкін. Бұл процес аннексия жолымен емес, Қырымдағы сияқты референдум жолымен шешіліп, өз еркімізбен РФ-сының құрамына кіреміз», ‒ деп жазған  Шевцова-Валова Facebook-тегі посттарының бірінде.

Ал, келесі хабарламасында Шевцова-Валова қазақтарды «чурктер» деп атаған.

Егер Татьяна Шевцова-Валованың кінәсі дәлелденетін болса, ол ҚР қылмыстық кодексінің 164 тармағы яғни  «ұлтаралық араздықты тудырғаны» үшін жеті жыл бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары