Шымкенттік әйел араққа сылқия тойып, 7 айлық сәбиін қайда тастап кеткенін ұмытып қалған. Есін жиған ол дереу полицияға хабарласып, баласына іздеу салыпты.
Полицейлерге 1985 жылғы шымкенттік әйел бүгін таңертең арызданып келген. Ол бір күн бұрын спирттік ішімдік ішіп, 7 айлық емізулі сәбиін көшеге қалдырып кеткенін, бірақ нақты қай жерге тастағанын білмейтінін айтқан. Соңғы рет ол өзінің Қайнарбұлақ деп аталатын саяжай алабында болғаны есіне түсіріпті. Баласын да сол жерде тастап кетуі мүмкін екенін мәлімдеп отыр. Алайда, оқиға орнына барған тәртіп сақшылары сәбиді тапқан жоқ.
Осылайша полицейлер енді сәбиді табуға тұрғындардан да көмек сұрап отыр. Бойы 65-70 см болатын нәрестенің шашы сары, еуропалық нәсілді, ұл баланы тауып алғандар немесе көргендер болса 8-(7252)-47-60-02, 8-701-712-24-73 немесе 102 телефон номерлеріне хабарласуға болады.