$ 448.15  483.46  4.86

Ресейде Қазақстан азаматтары мінген автобус пойызбен соқтығысып, 17 адам қаза тапты

Ресейдің Владимир облысында Қазақстан азаматтары мінген автобус пойызбен соқтығысып, салдарынан кемі 17 адам қайтыс болды деп жазады РИА Новости.

Петушинское аудандық ауруханасына тағы 5 адам жеткізілген. Олардың төртеуі аса ауыр халде жатыр. Бірі жеңіл жарақаттар алған. Халі нашар науқастардың екеуі кішкентай бала.

Оқиға 6 қазан күні түнгі сағат 3:29-да орын алған. Жолаушылар автобусы жүруге тыйым салатын белгіге қарамай темір жолға шығып кеткен. Жергілікті БАҚ өкілдерінің хабарлауынша, автобуста Қазақстаннан Ресейге жұмыс істеуге барған азаматтар болыпты.

ҚР СІМ-нің ресми өкілі Әнуар Жайнақовтың айтуынша, ведомство өкілдері қазір істің мән-жайын анықтап жатыр екен. Ресей темір жолы компаниясының мамандары болса автобустың темір жолдың үстіне келгенде бұзылып жүрмей қалғанын айтып отыр. Пойыз машинистіне алдына ала жолда автобустың тұрғаны ескертілген. Ол барынша пойызды тоқтатпақ болыпты. Алайда, қашықтықтың тым қысқа болуы бұған мүмкіндік бермеген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары