$ 448.89  477.93  4.76

Атырауда 1 ай бұрын жоғалып кеткен баланың мәйіті табылды

Осыдан 1 айдан астам уақыт бұрын Атырау облысында жоғалып кеткен 15 жастағы жасөспірімнің өлі денесі табылды деп жазады "Мой Город" басылымы. Марқұм Өзбекстаннан Қазақстанға анасымен бірге еріп келген екен.

Асылбек Хамроев анасы Умидамен бірге Өзбекстаннан Қазақстанға жұмыс істеу үшін келген екен. Анасы тамыз айының соңында шаруаларымен Өзбекстанға уақытша кетіп, баланы жұмыс берушілердің қолына сеніп тастап кетіпті. Алайда, Асылбек 2 қыркүйек күні Биікжал ауылынан Құлсары қаласына қарай жалғыз өзі кетіп, сол күйі оралмаған.

Бесінші қазанда жасөспірімнің денесі арықтан табылған. Анасы баласын шашы мен киімінен таныды. Баланың неден қаза тапқаны белгісіз. Зорлық-зомбылық белгілері де денесінен табылмады. Болжам бойынша, бала адасып кеткен.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары