$ 444.22  476.38  4.82

Өзбекстанда гей-студентті жабылып ұрғандар ұсталды (ВИДЕО)

Ферғана облыстық милициясы Маргилан қаласының жас тұрғынын соққыға жыққан бес адамды ұстады деп жазады centralasian.org. 29 қыркүйекте әлеуметтік желілерде бірнеше жігіт жас баланы гомосексуал деп айыптап, соққыға жыққан видеосы тарады. Бұл оқиға екі ай бұрын Ферғана қаласының Киргули ауданында болған.

Өзбек милициясы күдіктілерді қолға түсірді, деп хабарлады өзбек баспасөзі.

"Шұғыл іздестіру жұмыстары нәтижесінде бес адам ұсталды. Олар Ферғана облысының бір тұрғынының ар-ұжданына тиіп, видеоны интернет арқылы таратқан деген күдікке ілінді", - деді ІІМ баспасөз қызметі.

Бұл оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі таңда құқыққорғау органдары ұсталғандардың басқа да қылмастарға қатысы бар-жоғын анықтап жатыр.

Зорлық-зомбылық құрбаны болған 24 жастағы жігіт Ферғана политехникалық институтының студенті екені анықталды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары