$ 449.58  486.94  4.86

Елімізде жылдың ең үздік баспасөз хатшылары анықталды

Астанада өткен Astana Media Week медиа-форумы аясында еліміздің ең үздік баспасөз хатшылары марапатталды. "Жылдың ең үздік баспасөз қызметі" деп аталатын жүлде биыл осымен екінші жыл қатарынан беріліп отыр.

Идея авторы және ұйымдастырушы - ҚР Ақпарат және байланыс министрлігі. Осылайша, "Квазимемлекеттік сектордағы компанияның ең үздік баспасөз қызметі" номинациясын "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясының ұжымы жеңіп алды. Ал, жергілікті атқарушы органдар арасында Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі ең үздік деп танылып отыр. Сондай-ақ, "Ең үздік корпоративті сайт" номинациясында Астана әкімдігінің ресми порталына жетер сайт болған жоқ дейді ұйымдастырушылар. Ал, "жылдың ең үздік баспасөз қызметі" деген мәртебелі атақ биыл Жеңіс Қасымбек басқаратын ҚР Инвестициялар және даму министрлігіне берілді.

Сонымен қатар, жеке баспасөз хатшылардың да еңбегі еленді. Атап айтқанда, кәсіби шеберлігі үшін ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз хатшысы Руслан Иманқұлов марапатталса, "Ең үздік баспасөз хатшысы" номинациясын ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Әнуар Жайнақов жеңіп алды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары