$ 442.05  474.14  4.74

Сомалидегі жарылыстан қаза тапқандар саны 276 адамға жетті

Сомали астанасы Могадишо қаласында орын алған лаңкестік оқиғадан қаза тапқандар саны 276 адамға жетті. Тағы 300-ден астам адам жарақат алған. Бұл туралы бүгін елдің ақпарат министрі Әбдірахман Осман өзінің Twitter-парақшасында жазды.

Бұған дейін 198 адамның қайтыс болып, 275 адамның жараланғаны айтылған болатын.

Оқиға 14 қазан күні Могадишо қаласының Ходан ауданында орын алған. Жарылғыш зат тиеп алған жүк көлігі қонақ үйдің жанына келіп жарылғаны белгілі. Бұл маңда жаяу жүргіншілер көп болыпты. Артынша Медина ауданында екінші жарылыс тіркелді.

Әзірге лаңкестік оқиғаны ешқандай террористік ұйым өз мойнна алған жоқ. Дегенмен, елдің полицейлері алапат жарылысты «Аш-Шабаб» содырлары жасаған болуы мүмкін деген болжамын айтып отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары