Жаңалықтар 17.10.2017 сағат 03:42  643

Қырғызстанда Бабановтың жақтастары митингке шықты

Қырғызстандық Талас қаласында президенттікке үміткер Өмірбек Бабановтың 600 жуық жақтаушылары митингке шықты, деп хабарлайды Sputnik Қырғызстан. Қырғызстан жалауын ұстаған митингішілер ашық сайлаудың өткізілуін талап етуде.

Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

"Жағдай тұрақты, бақылау күшейді, құқық бұзушылықтар тіркелген жоқ. Милиция қызметкерлері қоғамдық тәртіпті қор,ауда. Митинг орнында арнайы бағыттағы полк жасақталды, оның көмегі қажет болып тұрған жоқ", — деп атап өтті Талас облысының ішкі істер басқармасы. 

Күндізгі өткен баспасөз конференциясы кезінде президент сайлауында жеңіліс тапқан үміткер Өмірбек Бабанов Қырғызстан халқын арандатушылыққа ермеуге шақырған болатын.

"Мен 16 қазан күні сағат 12.00 кезінде алаңға жиналу туралы арандатушылық мәтіндегі хабарлама алдым.  Барлықтарыңызды арандатушылыққа бармауға шақырамын. Мен ешқашан билікті басып алған жоқпын. Қазір де, болашақта да оның басып алуға тырыспаймын… Таластағы адамдарды жинауға қатысты айтар болсам, мен ешкімді жинап жатқан жоқпын. Біз өз құқығымызды заңды түрде қорғаймыз. Барлығы жақсы болатынына сену керек", — деді Бабанов.

Қырғызстандағы Президент сайлауы 15 қазан күні өткізілді. октября. 16 қазан күнгі мәліметтер бойынша, Сооронбай Жээнбеков сайлаушылардың 54,81% дауысын иеленіп, жеңіске жетті. Өмірбек Бабановқа сайлаушылардың 33,74% өз дауысын берген.

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар