$ 444.22  476.38  4.82

Алматыда "Қазтрансформатор" зауыты өртеніп, 120 адам әзер өшірді

18 қазанға қараған түні Алматыда "Қазтрансорматор" зауытында ірі өрт шығып, оны өшіруге 120 адам жұмылдырылды деп хабарлады СТВ телеарнасы. Қызыл жалын артынша көрші ғимаратқа "ауыз салған".

Қалалық ТЖД-нің ресми өкілі Сандуғаш Баймұхамбетованың айтуынша, Жетісу ауданындағы өрт туралы ақпарат кезекшілік бөлімге түнгі үште келіп түскен.

"Алғашқы өрт сөндіру экипажы шақыртудан небәрі үш минут өткен соң оқиға орнына келіп жеткен. Бұл сәтте екі қабатты кеңсе ғимараты өртеніп жатқан. Жалынның көрші цех ғимаратына көшу қаупі болған", - деді ол.

Оқиға орнына ең жақын өрт сөндіру гидранты 1,5 км қашықтықта болғандықтан, суды "Алматы Тазалық" коммуналды қызметінің көліктері тасыған. Ғимарат шатыры тез тұтанғыш материалдан жасалғандықтан оны сөндіруде біраз қиындықтар туыпты. Дегенмен, өрт сөндірушілер сағат 05:39-да жалынның бетін қайтарса, 06:17-де толықтай сөндірген.

Өртенген аумақ 3500 шаршы метрді құрапты. Жараланғандар мен құрбандар жоқ. Өртті сөндіруге жеке құрамның 120 қызметкері мен 36 техника жұмылдырылған. Қазір өрттің неден шыққаны анықталып жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары