$ 498.34  519.72  4.85

Қызғаныштан күйеуі әйелінің қолын балтамен шауып тастаған

Әйелін көзіне шөп салды деп айыптаған күйеуі қызғаныштан жарының қолын балтамен шауып тастаған деп жазады Мәскеу облыстық ІІМ Бас басқармасының сайты.

Оқиға Ресейдің Серпухов селосында болған.  26 жастағы ер адам әйелін көзіне шөп салды деп ойлап, орманға апарады да, қолын балтамен шабады. Сөйтіп, қан жоса болған келіншегін  ер адам ауруханаға өзі жеткізеді.

Аурухананың бас дәрігері Александр Мясников науқастың Серпухов ауруанасына "оң және сол буынының ампутациясы" диагнозымен түскенін айтқан. 

Ақ халаттылардың сұрауы бойынша полицейлер шауып тасталған қолдың бөлігін орманнан тауып әкелген.  Сөйтіп, табылған қолды жалғау үшін 25 жастағы келіншекке 9 сағат ота жасалған."Оның қолын қосып тігіп бердік, жазылып кетеді деп үміттенеміз", – дейді дәрігерлер. 

Қылмысқа қатысы бар деген ер адам тұтқындалған. Тергеушілер РФ ҚК-нің 111-бабы (Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру) бойынша қылмыстық іс қозғады. Қылмысы дәлелденсе, ер адам 15 жылға бас бостандығынан айырылады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары