$ 449.58  486.94  4.86

Генадий Головкин Қарағандының құрметті азаматы атанды

Әлем чемпионы Генадий Головкинге «Қарағанды облысының құрметті азаматы» атағы берілді деп жазады Vesti.kz.

Қарағанды облыстық мәслихатының кезекті, 13-ші сессиясында депутаттар бір ауыздан дауыс беріп, осындай шешім шығарды.

"Қарағанды облысының құрметті азаматы" атағы өңір мен елге ерекше еңбек сіңіргені үшін беріледі. Мұндай марапатты шығару үшін кәсіпорыннан, мемлекеттік мекемеден немесе қоғамдық ұйымнан өтініш түсірілуі тиіс. Құрметті азамат атағы өмір бойына беріледі. Бірақ сотты болған жағдайда одан айырылып қалуы мүмкін. Бұл атақты алу үшін азаматтың кем дегенде он жылдық қызметі өңірмен байланысты болуы керек. 

34 жастағы Головкин Қарағандыда туып-өскен. Қазіргі уақытта ол кәсіпқой бокста Қазақстаннан шыққан жалғыз әлем чемпионы әрі The Ring және ESPN тұжырымдары бойынша беделді рейтингтерде салмақ категориясына тәуелсіз үздік боксшылар тізімінде көш бастап тұр.

Голвкин орта салмақта WBC, WBA (Super), IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы.  Айта кетейік, қазіргі уақытта орта салмақтағы барлық белбеуді жинап алу үшін Головкинге тек WBO белбеуі ғана жетіспей тұр. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары