$ 443.35  475.54  4.82

Бала күтушісінің сәбиді лифтіде оңдырмай ұрғаны камераға түсіп қалды (ВИДЕО)

Бала күтушісінің сәбиді лифтіде оңдырмай ұрғаны бейнебақылау камерасына түсіп қалды. Аталған видеоролик YouTube желісінде жарияланды.

Сәбиді анасы бала күтушісіне береді де, оларды лифтіге мінгізіп жібереді. Көз жасын тыя алмай тұрған 2-3 жас шамасындағы баланы егде әйел жұбату орнына одан сайын төмпештей жөнеледі. 

Оқиға Қытайда болған. Камерадағы жазбаны көрген күзетші бірден баланың ата-анасына хабарласады. Бала күтушісінен мұндай әрекетті күтпеген ана дереу полиция шақырыпты. 

Қазіргі уақытта бала күтушісі тұтқындалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Айта кетейік, күтуші бұл қызметі үшін жоғары жалақы алады екен.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары