$ 494.87  520.65  4.91

Баянның қызы Айсәуле Бақытбек сүйіктісімен қалай ажырасқанын айтып берді

Белгілі продюсер Баян Алагөзованың қызы Айсәуле Бақытбек азаматтық некеде тұрған жігітінің бір кездері тастап кеткенін айтты. Бұл туралы ол өзінің Instagram-парақшасына жазған.

Айсәуле сөз басында азаматтық некеге қарсы адамдарға бұл жазбасын оқымай, айналып өтуіне кеңес берді. Жазбасында ол кезінде өзінің үй тірлігіне олақ болғанын да айтқан.

«Дәстүрлі некеге еш қарсылығым жоқ. Өз басым азаматтық некені қолдаймын. Егер үш жыл бұрын жігітіммен азаматтық некеде тұрмай бірден тұрмысқа шыққанымда, онда некеміздің Ким Кардашьян мен Крис Хамфристің оқиғасындай аяқталатын еді деп ойлаймын. Себебі мен отбасылы өмірге мүлдем дайын болмаған едім. Ұялсам да айтайын, ол кезде үйіміз ғашықтар мекенінен қарағанда қоқыс үйіндісіне ұқсайтын. Салдарынан шетелден Алматыға орала сала жігітім мені тастап кетті. Несін жасырайын, мен оны түсінемін. Біз жарты жылға айырылыстық», – деп ол сүйіктісімен қайта табысқанын айтты.

Есесіне Бақытбек Айсәуле қазір үй тірлігіге кәдімгідей араласып, айналасын таза ұстауға үйренгенін айтады. Десе де, «отбасылы болуға әлі ерте» дейді ол.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары