Синоптиктердің болжамынша, алдағы үш күнде ауа райы жауын-шашынсыз, бірақ аяз болады деп жазады Sputniknews.kz.
"Алдағы үш күнде Қазақстанның басым бөлігінде Сібір антициклонының ықпалынан ауа райы жауын-шашынсыз болады, бірақ тұман түседі. Тропосфералық ағындар бағытының өзгеруіне байланысты, ауа температурасы сәл жоғарылап, орташа көпжылдық мәнге жақын болады", — делінген хабарламада.
19 қаңтар күні республика бойынша ауа температурасы:
батыста түнде сынап бағанасы —10-15 °C, кей жерлерде —20-25°C, күндіз 0-5°C, кей жерлерде —8-13°C аязды көрсетеді; солтүстікте түнде ауа температурасы —15-29°C, күндіз —8-17°C. орталықта түнде 13-18°C, кей жерлерде 23-28°C аяз болады деп болжануда. Күндіз температура —7-12°C, кей жерлерде —16°C аяз. шығыс аймақтарда түнде 18-23°C, кейбір аудандарда 30-35°C аяз, күндіз 10-15°C, кей жерлерде 20-25°C аяз. оңтүстікте түнгі ауа температурасы 5-10°C, кей жерлерде 17-22°C аяз болады, күндіз 2-7°C, кей жерлерде 5-10°C.19 қаңтарда Астанада көшпелі бұлт шығады, ауа райы жауын-шашынсыз болады. Шығыстан жылдамдығы 5-10 м/с жел соғады. Түнде ауа температурасы —20-22°C, күндіз —13-15°C.
Алматыда күн бұлтты, кей жерлерде жауын-шашынсыз, тұман түседі деп болжануда. Жел 0-5 м/с. Түнде сынап бағанасы 7-9°C, күндіз 0, —2°C көрсетеді.