$ 498.34  519.72  4.85

Қостанай облысында қырылған киік саны 10 мыңға жетті - ҚР АШМ

Қостанай облысында киіктердің жаппай қырылу аймағында өткізіліп жатқан мониторингтің нәтижесінде, 17 мамыр күні жануарлардың жаңа өлекселері табылды. Соңғы мәліметтерге сәйкес, өлген киіктердің саны 10 мыңға жетті. Өлекселер аумағы 16 мың гектардан асып отыр.

Амангелді ауданының әкімдігімен аумақта төтенше жағдай жарияланды. Оқиға болған жерде Қостанай облысы әкімінің орынбасарының басшылығымен штаб құрылды.

Оқиға орын алған аймаққа демалыс күндері ҚР Ауыл шаруашылығы Вице-министрі Ерлан Нысанбаев және Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің төрағасы Бағдат Азбаев келіп жетті. Олар киіктердің қырылу аймағын әуе көлігімен қарауда.

Бүгін Амангелді ауданында жануарлардың қырылу себептерін анықтау және олардың өлу салдарын жоюға қатысты шараларды қабылдау мәжілісі өткізіледі.

ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Ветеринария бойынша ұлттық референттік орталығының ақпаратына сай алдын-ала себеп пастереллез ауруы болып отыр.

Киіктердің өлекселерін жинау және жою жұмыстарына ҚР АШМ аумақтық бөлімшелерімен әкімшілік қызметкерлері қатысуда. Бүгінде 5,3 мың киік  жойылды.  Бұл жұмысты жүргізу аймақтағы желмен қосылған қатты жауын қиындата түсті. Киіктердің өлекселерін жинау және жою жұмыстарына барлығы 458 адам мен 21 бірлік арнайы техника қатыстырылып отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары