$ 447.4  477.55  4.76

Қырылған киіктердің саны 85 мыңға жетті - ҚР АШМ

Мамыр айынан берi елiмiзде қырылған киiктердiң саны 85 мыңға жеттi. Бұл жөнiнде бүгiн Астанада өткен баспасөз мәслихатында ҚР Ауыл шаруашылығы министрiнiң орынбасары Ерлан Нысанбаев мәлiмдедi, деп хабарлайды BNews.kz. 

«Өздерiңiз бiлесiздер, осы жылдың 11 мамырынан бастап Қостанай облысының Амангелдi ауданында киiктер жаппай қырылып жатыр. Бүгiнгi күнге келiп жеткен мәлiмет бойынша, көмiлгені 40 мыңнан асады және көмiлмегенi 20 мыңға жуық. Оған қоса, Бетпақдала популяциясын бiз күнделiктi тiкұшақпен барлаймыз. Кеше көршi қырылған киiктер Жангелдi ауданынан табылды. Көз мөлшермен алғанда, тағы 25 мыңға жуық киiк қырылған. Жалпы саны 85 мың киiк қырылды. Қостанай облысында қазiр 600 адам мен 90-нан астам техника киелi жануарларға келген зұлматтың салдарын жою жұмыстарын жүргiзіп жатыр», - дейдi Е.Нысанбаев.

Сонымен қатар, вице-министр осыдан үш күн бұрын Ақтөбе облысындағы Ырғыз Торғай резервуарының аумағында 20 мыңға жуық киiк төлдеп жатқаны туралы ақпарат келiп түскенiн мәлiмдедi. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары