$ 498.34  519.72  4.85

Шымкентте «Мәдениетім-мерейім» өнер байқауы өтіп жатыр

Шымкент қаласындағы жаңа әкімшілік-іскерлік орталығында Мәдениет және өнер қызметкерлерінің мерекесіне орай салтанатты шара өтті деп хабарлайды ОҚО әкімдігінің баспасөз қызметі. 

Мерекелік жиынға қатысқан облыс әкімінің орынбасары С.Қаныбеков барша мәдениет саласының қызметкерлерін құттықтап, облыс әкімінің алғыс хатымен бірқатар еңбегі сіңген өнер қайраткерлерін марапаттады.

Мәдениет саласында елеулі еңбек етіп жүрген мәдениет қызметкерлеріне облыстық мәслихаттың грамоталары мен облыстық кәсіподақтың, облыстық мәдениет басқармасының алғыс хаттары тапсырылды.

Сонымен қатар, аудан, қалалардағы мәдениетті кеңінен насихаттау мақсатында облыстық «Мәдениетім-мерейім» өнер фестивалінің ашылу салтанаты өтті. Бұл байқау биылғы айтулы даталарға Қазақ хандығының 550, Жеңістің 70 жылдығы, ҚР Конституциясы мен Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына орай ұйымдастырылып отыр. Оңтүстік Қазақстанның орталығы Шымкентте 21 мамыр мен 27 маусым аралығында өтетін фестивалге әрбір аудан, қала тақырыпқа сәйкес өз өңірінің ерекшеліктерін ескере отырып, ұлттық салт-дәстүр мен ойындарға байланысты 1,5 сағаттан аспайтын түрлі бағдарламалар ұсынады.

Фестиваль аясында облыстық театрларда көрермендердің қатысуымен «Халықтық» атағы бар театрлардың спектакльдері қойылатын болады.

Биыл төртінші жыл ұйымдастырылып отырған «Мәдениетім-мерейім» фестивалінің мәдениет күнін Сайрам ауданы бастады. Шараға аудан өнерпаздары түрлі жанр бойынша өнер көрсетіп, қазақтың ұлттық төл өнеріне сыр шертетін қол-өнер шеберлерінің көрмесі қойылды.

Ал, бүгін Түлкібас ауданының мәдениет күндері өтпек. Облыстық әзіл-сықақ және сатира театрында сағ: 16.00-де халық театрының қойылымы көрсетіліп, кешкі сағ:19.30-да жаңа әкімшілік-іскерлік орталығындағы алаңда көрмелер мен, концерттік бағдарламалар ұсынылатын болады. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары