$ 498.51  522.84  4.81

Ауру ғой: Шымкенттік Абдулла қажы жесір әйелмен жыныстық қатынасы туралы айтып берді

Былтыр жазда белігілі дінтанушы Абдулла Бақадырдың әлдебір жесір әйелмен жыныстық қатынас жайлы анайы әңгімесі мен жазған хаттар, порно суреттері жұртты дүрлкітірген болатын. Сол оқиғада әйелмен телдескен адамның өзі екенін айтқан дінтанушы арандатушыларды сотқа тарту, тарпау мәселесіне де жауап берді деп жазды Caravan.kz.

– Абдулла қажы, былтыр жазда әлдебір әйелмен арадағы жыныстық қатынас жайлы әңгімені елге таратып жібергендерді сотқа бердіңіз бе, қазір іс қалай жүріп жатыр?

– Менің олармен мүлдем шаруам жоқ. Ит үреді, керуен көшеді. Ол менің басымнан өтпеген нәрсе, болмаған нәрсе. Оған менің мұртым да қисаймайды. Сондықтан құдай жазасын береді. Өздерін діндарлармыз деп жүр ғой. Сопылар солай істесе басқа жұрттан не күтуге болады. Сопы емес бұлар. Енді Құрбанәлінің өзі істеді деп айта алмаймын. Бірақ соның адамдары ғой істеген. Робот болып қалған адамдар ғой, ойлау қабілеті жоқ. Олар ауру ғой. Сондықтан аурумен айтысып, бет жыртысудың қажеті жоқ. Құдай жазасын береді. Білмеймін не болып жатқанын. Мүмкін жазасын беріп те қойған шығар, кім біліпті. Жақсылық та, жамандық та құдайдан қайтады. Сондықтан біреудің ала жібін аттаудың қажеті жоқ. Біреуге зияның тимесін. Қолдан келгенше сауапты іс жасау керек. Солай жасап та жатырмын. Олар мені тоқтата алмайды. Мен 26 жыл болды дін саласында жүргеніме. Егемендік алғалы бері осындай ағымдармен күресіп келе жатырмын. Кезінде Иегово куәгерлері деген сияқты ағымдармен де соттастым. Талайын жеңдім де. Сондықтан олардың жаласына менің бір жерім қисайып қалмайды.

– Яғни тиісті органдарға арыз жазып, шығамданған жоқсыз. Ойыңызда да жоқ па?

– Өзім сияқты діндарлар айтты арыз жаз деп. Полициядағылар да айтты, журналисттерде айтады. Журналистерге не керек? Өсек керек қой оларға. Бірақ мен айттым, арызданбаймын да, ештеңе жасамайын. Мен құдайға сенген адаммын. Керісінше мен өзім оларға ашу үстінде қатты кетіп қалуым мүмкін.Сондықтан жазасын құдай берсін. Себебі ол болмаған нәрсе.

– Сонда ол шынымен болмаған нәрсе ме, әдейі ұйымдастырған ба?

– Әдейі ұйымдастырған, бірақ болмаған.

– Яғни, ондағы әйелмен сөйлескен, анайы хат жазған, видеоға түсіп қалған адам сіз емес қой?

– Жоқ, әйелмен сөйлесуі сөйлескенмін. Бірақ оны танымаймын. Кездеспегенмін де, бірақ бұлар соны әдейі жасаған. Ана әйелді әдейі жіберген. Сөйтіп монтаж жасаған. Ана Құрбанәлі қажылықтан келгенде адамдары аяғын сүйіп жатты ғой. Видеосы да шықты.Сол кезде журналистер «осы дұрыс па, шариғатқа сәйкес пе» деп сұрақ қойған маған. Шариғатта ондай мәселе жоқ. Пайғамбардың аяғын сүймеген керек болса. Бұл Құрбанәлі деген құранның сөзін бұрмалап жүрген дінбұзар ғой. Ал ана мүридтерінің бәрі естері ауып қалған, ақылдан адасқандар. Бұл Құрбанәлі өзін әулие қылып, пайғамбар дәрежесіне көтеріп қойған. Оны мен 20 жылдан бері білемін. Өзбекстанда сотталған. Қазақстанға келіп миссионерлік жасағанда Қызылордада сотталып, қуылған. Кейіннен тынышталған кезде барып келді. Ана зікіршілердің рухани көсемдері Исматтула сотталған кезде бұл Сирияға қашып кетті.

– Құрбанәлінің қазір не істеп жүргенінен хабардарсыз ба, сол оқиғадан кейін кездесіп қалған жоқсыз ба?

– Ол Шымкентте емес Таразда тұрады ғой. Соның қоғамында болып, кейін шығып кеткендерден сұрастырдым. Кейбіреулері маған келіп жолыққан болатын. Қысқасы ода иман жоқ деді ғой. Сондықтан иман жоқ адаммен айтысудың қажеті жоқ.

– Сол бір келеңсіз оқиға отбасыңызға кері әсер еткен жоқ па, жұбайыңыз бен балаларыңыз қалай қабылдады?

– Жоқ, ешқандай кері әсері болған жоқ. Менің жұбайым мені біледі ғой. Балаларым да біледі. Мен оларға алдын ала айтқанмын осындай болып жатыр деп. Мені бұрыннан біледі ғой олар. Осы жолда жүргеннен кейін талай шатақты көрдім ғой.

– Сонда нені біледі, әйелмен сөйлесіп жүргеніңізді ме?

– Жоқ, ондайдың болмайтынын біледі. Шын білетін адамдар ондайға сенбейді негізі. Ал білмейтін адамдар жала жаба береді. Ана қосып жатқандар да бар.Сөйтпейсің бе, бүйтпейсің ба деп. Жаңағы шағыстыру, ұшықтыру мәселесі. Әсіресе журналистер сондай. Журналистердің көбісі өсекпен жүретін болып кетті.Мен өзім де журналситпін, 10 жыл жұмыс істегенмен. Сондықтан мен тек қана дінді насихаттаймын. Ондай харам нәрсеге жоламаймын. Ал Құрбанәліні содан кейін теледебатқа шақырғанмын. Келеміз деген. Бардым. Олар 13 адам болып келеміз деген екен. Бірақ, журналистен сұрапты «қарсы жақтан кім келеді» деп. Абдулла Бақадыр десе «онда біз бармаймыз» депті. Себебі мен фейсбукке бұлардың біраз былығын шығарғанмын.Сондан кейін қорқым келмейді олар.

– Дегенмен өзіңіздің шәкірттеріңіз бар, сөзіңізді тыңдайтын, тәлім алатын оқырмандарыңыз бар. Олар теріс айналған жоқ па?

– Жоқ. Енді ойлайтындар ойлай берсін. Негізі мына өмірдің өзінің сабағы бар ғой. Осындайда басыңа күн туған кезде достың кім екенін, жаудың кім екенін ажыратып аласың. Достар сенбейді, ал сенгендер кетсе кете берсін. Оған бас қатырудың қажеті жоқ. Әйтпесе Құрбанәлінің жеке басына алып қосарым жоқ. Бірақ, жаңағыдай діндар болып, сопылардың басшысы болып, пірмін деп жүріп істеген тірліктері шариғатқа қайшы болған соң айтқаным ғой. Әйтпесе шаруам не оларда.

– Жалпы, негізі екі әйеліңіз бар ғой сіздің?

– Жоқ-ау, біреу… (күлді).. Ай, қатырасыңдар-ау. Тоқал болайыншы деген әлгі әйелдің әңгімесі сияқты болайын деп тұр-ау мынау да… Сен де бұрмалап жібер ме мұны.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары