Жақында Мәдина қаласындағы «Мәсжид-үн-Нәби» мешітінің имамы Али Хузайфиге таң намазында шабуыл жасалды. Имам соған қарамастан намазын бұзбаған. Абырой болғанда қауіпсіздік қызметкерлері көмекке келген.
Мәдина қалалық Ішкі істер басқармасы баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, имамға шабуыл жасаған адам 40 жастағы Ғаним есімді азамат екен. Зерттеу барысында оның есінің дұрыс еместігі анықталған.