$ 447.4  477.55  4.76

Мәжіліс Каспий теңізіндегі қауіпсіздікті сақтауға бағытталған келісімді мақұлдады

Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында «Каспий теңізінде төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы мақұлданды.

Аталған келісімге Каспий маңындағы мемлекеттер басшыларының төртінші саммитінде 2014 жылғы 29 қыркүйекте Астрахан қаласында қол қойылған.

ҚР Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовтың айтуынша, келісім Каспий теңізіндегі табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың зиянды салдарын азайтуға, сондай-ақ тараптардың құтқару құрылымдарының қызметін бұдан ары дамыту мен жетілдіруге мүмкіндік береді.

«Аталған келісімнің күшіне енуі басқа тараптар мемлекетіне қатысты төтенше жағдайлар туындағаны туралы хабарлар беруге мүмкіндік жасайды. Төтенше жағдайлар бойынша болжаулар жасау саласында тәжірибе алмасу көзделеді, қауіп туындаған жағдайға тұрғындарды, азаматтық қорғаныс саласындағы мамандарды даярлауға жол ашады. Каспий теңізіндегі төтенше жағдайларды жою кезінде қысқа мерзімде көмек көрсетуге мүмкіндік береді», − дейді Қ. Қасымов.

Мәжіліс мақұлдаған заң жобасы Парламент Сенатына жолданады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары