$ 494.87  520.65  4.91

Қашағанда мұнай өндіру жұмысы 2016 жылы басталады

Қашағанда мұнай өндіру жұмысы 2016 жылдың желтоқсанында жанданатын болады. Бұл туралы ҚР Энергетика министрі Владимир Школьник бүгін «Жасыл экономикаға» көшуі саласындағы заңнаманы жетілдіру: қалдықтарды басқару және шығарындыларды реттеу» дөңгелек үстелі барысында мәлім етті.

«Қашағанда жөндеу жұмыстары жоспарға сәйкес жүруде. Ең алдымен сапасыз болып шыққан құбырлар алмастырылуда. 2016 жылдың желтоқсанында жұмыстар аяқталуы тиіс және кеніш іске қосылады деп жоспарлануда», - деп атап өтті ол.

Жобаны қазіргі уақытта «ҚазМұнайГаз», Royal Dutch Shell, ExxonMobil, Eni, Total, Inpex және CNPC жүзеге асыруда. Қашаған мұнай кенішінде шамамен 5 млрд. тоннаға жуық мұнай қоры жатыр деп болжануда және ол соңғы жылдары теңіз табанында табылған ең ірі мұнай орындарының бірі болуы ықтимал.

Айта кетейік, Қашаған - Каспий теңізінің қазақстандық бөлігінде орналасқан әлемдегі ірі мұнай және газ кен орны. Ол Атырау қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 80 км жерде орналасқан. Қашаған 75 км x 45 км аумақты алып жатыр. Қашаған соңғы 40 жылда табылған әлемдегі ең ірі кен орны болды. Кен орнының коллекторы Каспий теңізінің солтүстік бөлігінде теңіз түбінен 4200 метрдей тереңдікте жатыр.  

Соңғы зерттеу деректеріне сүйенсе кен орынның мұнай қоры 9–13 миллиард баррель мұнайды құрайды. Мұнай кен орны шетелдік компаниялардан құралған North Caspian Operating Company (NCOC) халықаралық консорциумы Өнімді бөлісу туралы келісім арқылы игерілуде. Консорциумға Eni (16,81 %), «ҚазМұнайГаз» (16,81 %), Total (16,81 %), Royal Dutch Shell (16,81 %), ExxonMobil (16,81 %), ConocoPhilips (8,4 %), INPEX ( 7,56 %) компаниялары кіреді.  

Сонымен қатар, Қашаған кен орны Каспий теңізінің солтүстік бөлігінде орналасқан. Ол Каспий аймағы мұнай кен провинциясына жатады. Қашаған - Солтүстік Каспийдегі Қаратон-Теңіз кен орнының жалғасы болып саналады. Ол негізгі үш массивке бөлінеді: Шығыс Қашаған, Батыс және Оңтүстік-Батыс Қашаған. Өндірілетін мұнай қоры 1,5-10,5 млрд тонна аралығында болса, ал жалпы геологиялық мұнай қоры - 38 млрд баррель құрайды (6 млрд т).

Шығыс Қашағанның қоры 1,1 - 8 млрд тонна, Батыс - 2,5 млрд тоннаға дейін ал Оңтүстік-Батыс Қашағанда - 150 млн тонна. Қашағанның геологиялық қоры қазақстандық мамандардың есебі бойынша шамамен 4,8 млрд тонна деп жоспарлануда. Сонымен қатар Қашағанда табиғи газдың да ірі қоры бар - 1 трлн м3 асады.

Қашаған кен орнынан бөлек консорциум қосымша он бір блокті игеруде. Олар Ақтоты, Қайран және Қаламкас. Мұнайды өндіру жасанды аралдар арқылы жүзеге асырылады. Бүгінгі күнге төрт жасанды арал құрастырылып, шамамен 37 ұңғыма бұрғыланған.

Мұнай мен газды кешенді дайындау мақсатында Атырау қаласынан 32 шақырым қашықтықта «Болашак» станциясы тұрғызылды. Аталған станция тәулігіне 300 мың баррель мұнай дайындай алады және кейін оны 450 мың баррельге дейін ұлғайтуға болады.

Өндірістік операцияларды қолдау мақсатында Маңғыстау облысында Баутино базасы арқылы асырылады. Сонымен қатар мұнда мұнай төгілуге қарсы күрес орталығы да қызмет етеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары