$ 448.89  477.93  4.76

Каспий жағалауынан 7 демалыс орны ашылады

Биыл маңғыстаулық оқушылардың 98 пайызы жазғы сауықтыру және еңбек демалыстарымен қамтылады. Балалардың ала жазды қызықты әрі тиімді өткізуі үшін облыс қазынасынан қомақты қаржы бөлініп отыр. 

1 маусымнан бастап мектеп жанынан 57 лагерь ұйымдастырылып, 69 кәсіптік және спорттық демалыс орындары ашылады. 

Ал теңізге түсіп, қыздырынғысы келетін балақайлар үшін Каспий жағалауынан «Фламинго», «Аққу», «Толқын» сияқты 7 демалыс орны есігін айқара ашады. 

Маңғыстаудағы тарихи жерлерге туристік саяхаттар мен арнайы жорықтар ұйымдастырылады деп күтілуде. Сонымен қатар демеушілердің есебінен 30 мың оқушы шетелдерде демалады. Ал 5 мыңға жуық жоғары сынып оқушысы еңбек демалысына тартылмақ. 

«Былтырғы жылы жергілікті бюджеттен жағдайсыз отбасы балаларына немесе көп балалы, жетім, жартылай жетім балаларға 189 млн-ның үстінде қаражат бөлінсе, биыл ол қаражат 256 млнға дейін көбейді. Яғни осындай деңгейде жергілікті бюджеттің есебінен біздің балаларымыз демалады деп жоспарлап отырмыз», - дейді Маңғыстау облыстық білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Зейнеп Тастемірова.

Сонымен қатар, балалар жазғы демалыста Маңғыстау облысының тарихы мен мәдениеті туралы қызықты мәліметтермен танысуға мүмкіндіктері бар.

Солардың ішінде жартастан шауып жасалған жер асты төрт бөлмелі Шақпақ-ата мешітінің орны ерекше.

Әрі Маңғыстаудың таулы ауданында жарты ғасырлық Кызылқала қамалы табылған. Түпқараған түбегінің солтүстік тілмесі бөлігінде теңіз жағалауында өте сирек кездесетін ежелгі кешенді ғимараттар табылған, Сам құмы – қола дәуіріндегі мәдениет іздерінің айғағы.
 
Шерқала құмды тауы – «Арыстан бекінісі» - ертеде болған ұрыстың іздерін сақтаған. Халық шығармалығының салт-дәстүрі сақталған. Шеберлер үй аспаптары мен киімдерді, зергерлік бұйымдарды безендірген, өрнектері сақталған.
 
Республиканың басқа аймақтарына қарағанда Маңғыстау сәулет ескерткіштеріне өте бай. Кесенелер, сағана тамдар мен құлпытастардың іргетасы мен қашап салған соңғы иіріміне дейін барлық ойын басында ұстаған, сызба мен нұсқа атаулыны білмеген белгісіз шеберлердің дарынына таң қалмауға болмайды. Әрбір зиратты халықтық сәулетшілік өнердің мұражайы деп атауға болады.
 
Табыт үстіндегі тас ғимараттар осы күнге дейін сақталған. Отыздан астам халықтық сәулетшілік ескерткіштер мемлекет қамқорлығына алынған.
 
Қошқар-Ата зираты Ақтау қаласынан 17 шақырым жердегі кішігірім Ақшұқыр ауылының шет жағында орналасқан. Маңғыстаудың күмбезді кесенелері өте әдемі және өздігінше ерекше. Кейбер кесенелер – нағыз сәулетшілік өнердің ең үздік туындылары болып саналады және осы күннің өзінде әрбір сызығының, әрбір реңкінің ойлылығымен, аяқталғандымен, өткірлігімен таңқалдырады.
 
Сондай-ақ, Маңғыстау Қазақстанның түпкір-түкірінен және шекаралас мемлекеттерден көптеген зират етушілер келіп жататын киелі орындарға бай.
 
Мен Сіздерге тек қана кейбір барынша танымалдарымен таныстырамын.
 
Бекет-Ата
Өте танымал ескерткіштердің бірі-Бекет-Ата мешіті жар тастан шауып жасалған. Мұсылман әлемінде Бекет-Ата дүниенің сыры жайлы білген, көріпкел және пайғамбар ретінде танымал болған.
 
Аңыз бойынша, Бекет-Ата ХVІІІ ғасырдың екінші жарты жылдығында өмір сүрген. Атырау облысының қазіргі Құлсары кентіне жақын жерде туылған, 14 жасында дана Шопан-Ата жатқан жерге бас иіп, сәлемдесіп, батасын алуға келген. Үшінші түні Шопан-Ата бозбалаға оқуға өсиет етеді. Жас жігіт алыс Хиуа медресесіне ғылымды бағындыру үшін аттанады. 40 жасқа жеткенде сопы атанып, балаларды сауаттылыққа оқыта бастайды.
 
Маңғыстауға қайтып келгенше, қасиетті Бекет-Ата өз өмірінде ұзақ жолдардан өтті. Ол адамдарды емдеді, алдына келген мүжәлсіз және бейнет көрген адамдарға денсаулық пен өмірлік күш-қуат сыйлады. Даулы мәселелерді шешкенде ол даналығын көрсетіп, екі жақты бітімшілікке келтіретін. Өзінің уағызында Бекет-Ата діндарларды әділдікке шақырып, жақсылық жасауға насихаттайтын. Қалмақтармен ұрыс кезінде жауынгерлік ерлік көрсеткен ол дана және данышпан ретінде халықтың есінде қалды. Ол өзінің арғы атасы–Есет батыр сияқты батырдың күші мен батылдығына ие болған.
 
Бекет-Ата 4 мешіт тұрғызды: біріншісі Құлсарыда – оны Ақмешіт деп атайды, екіншісі Бейнеу елді-мекенінен 20 шақырым жерде борлы жартаста, төртіншісі – Оғыланды шатқалындағы борлы жартас сілемінен шауып жасалған жер асты мешіті. Ол осы мешіттің жанына жерленген. Бекет-Ата зираты тек Маңғыстаудың ғана емес, бүкіл Қазақстанның рухани, тарихи және сәулет ескерткіші болып табылады.
 
Бекет-Атаға баратын жол Шопан-Ата арқылы өтеді. Өмірінің соңынан дейін Бекет-Ата өзінің Ұстазының алдында басын иіп өтеді және ол мұсылмандардың өзіне келу үшін, алдымен Шопан-Атаға соғып келгендеріне қуанатын. Әлі күнге дейін сыйынушылардың Бекет-Атаға барар жолында Шопан-Атаға соғып кетуі жазылмаған тәртіп болып қалыптасып қалған.
 
Сұлтан-эпе
Ерте-ертеде әкесі балаларын өзіне шақырған. Барлығы бірден әкесінің алдына келген, тек кішісі, Сұлтан-әпе, шақырғанға бірден келмей, бірнеше күннен кейін келген. Өзінің сүйікті ұлына әкесі ренжіген. Сонда Сұлтан-әпе алыс Каспийде болғанын, бақытсыздыққа ұшыраған балықшыларға көмектескенін айтып, арқанның ізі қалған арқасын көрсеткен. Содан бері ол әрқашан теңізде апатқа ұшырағандарға көмекке келетін болған.
 
Зират аумағында дала мешіті орналасқан. Сыйынатын тас шығысты көрсетіп тұрады, ол қорған тастармен дөңгеленіп қоршалған. Осы дөңгелекте болған жолаушы өзін жылдың кез-келген мезгілінде қауіпсіз сезінеді. Түнде де, күндіз де әулиенің қорғауында болады.
 
Бұл жердегі қасиетті зираттың үстіне – ұзын ағаш сырық орнатылған, аңыздар бойынша әулиелер ғажайыптар жасау үшін оған көтеріліп тұратын болған. Адамдар осында келіп, аруақтарға арнап сый ретінде арқарлардың мүйіздерін әкеледі немесе сырыққа мата байлайды, кейбіреулер балалар немесе мұқтаж жандар алу үшін әулиеден рұқсат сұрай отырып, ақша тастайды. Ақшаны мұқтаждыққа жұмсау үшін тастап кететін болған.
 
Маңғышлақ үстіртінің шығыс жағында, шамамен Ақтау қаласынан 50 шақырым жерде, солтүстік-батыстан оңтүстік шығысқа қарай мұхит деңгейінен 132 метр тереңдікте әлемдегі ең терең ойпат созылып жатыр. Қарақия – түрікшеден аударғанда «Қара азу» дегенді білдіреді.
 
Баяғы заманда бұл жерде көл болған және оның аты – Батыр деп аталған деп айтылады. Оның ұзындығы – 40 шақырым, ені -10 шақырым болған. Ойпаттың пайда болуын Каспий теңізінің жағалауында тұзды тау жыныстарының сілтіден айырылу, шөгу және карсталу үрдістерімен байланыстырады. Карстың негізіне жер асты табиғи сулардың шайылуы және ашылуы жатады. Жер асты суы, әк, доломит және гипстері бар жарық арқылы өтіп, бірте-бірте тау жыныстарын ерітіп, осы жарықтарды кеңейтеді, соның нәтижесінде орасан үлкен терең және тар тік жарлар пайда болған. Үңгірлер үлкейген сайын олардың төбелері мен қабырғалары жоғарыда жатқан қабаттардың салмағымен құлаған. Бұл үрдіс тоқтаусыз қайталанып, тұзды және әкті тау жыныстары жатқан жерге ауысқан. Нәтижесінде ұсақталған тау жыныстарымен толтырылған орасан үлкен қуыстар, шұңқырлар, қараңғы аңғарлар, қуыс және үңгірлер, жыралар, тілмелер, жүрістер, табиғи құдықтар пайда болған. Осылайша Қарақия ойпаты пайда болған. Бұл жұмыстар әлі де тоқтаған жоқ, ойпаттағы жалғасып жатқан бет-бедер пайда болу үрдісіне кең және терең тілінген ойпатта тік жарланып және кемершектеніп мүжілген шатқалдар куә болады.
 
Қазақстан ғалымдары бірнеше жылдар бойы зерттеулер жүргізген. Қарақияның сусыз ойпаты жауын бұлтының табиғи генераторы болған. Нәтижесінде жаздыгүні ойпаттың үстінде бірнеше шақырымға созылған жауынды бұлттар жиналатын болған. Мұны жерасты бақылаулары мен космостан алынған спутникті фотосуреттер көрсеткен.
  
  Теңіз жағалауына қоныстанған массагеттер, аландар, хазарлар сияқты ежелгі тайпалар тарихта ежелден белгілі. Осы халықтардың мәдениеті мен тұрмысын байқау арқылы Каспий теңізі әрқашан ең маңызды тарихи оқиғалар аренасы ретінде қарастырылды. Аңыздар дәуірінде туындаған даңқты және драмалық мазмұнға толы оқиғалар Каспийдің ежелдігіне куә. «Тарих әкесі» болып есептелетін Геродоттың жылжазбаларында мысалы, Гиркан, яғни Каспий теңізімен байланысты маңызды құбылыстардың бірі оның жағалауына қоныстанған соғысқұмар шабандоз әйелдер суреттелген.
 
  Ежелгі уақытта Гирган теңізінің шығыс жағалауында өздерін массагеттер деп атаған халық мекендеді. Олардың мемлекетін Томирис патша әйел басқарды. Бір күні парсылық Кир патшасы көп әскерді жинап, осы еркін дала халқына басып кірді. Мемлекет пен тақты қорғау үшін Кирге қарсы Томирис патша әйел бастаған массагет халқы шықты. Түні бойы масагеттердің басып алуын күтіп ұйықтамаған парсы армиясы өздерінің қырағылығын әлсіретіп, ұйықтап кеткенде, таңғы алтын тұман теңіздің аппақ бетімен жайлап түскенде дала шабандоздары жау тобына жабайы қиқумен басып кірді. Күтпеген жерден құйынға ұқсас толқыннан шықандай сансыз әскердің пайда болуы бір сәтте парсы армиясының рухын түсірді. Теңіз көбігінен шығып, онда жоғалған шабандоздарды басып алушылар сиқырлы, дуалы еліктіру болып қабылданды. Шайқас Томиристің толық жеңісімен аяқталды.
 
Осы оқиғадан кейін ұзақ уақыт каспий аймағының жерлері сырлы шабандоз әйелдердің отаны болып есептелді. Құпияға бөленген Гиркан теңізі оның жауынгерлері сияқты халықтың есінде қол жетпейтін құм дөңдерде жоғалып кетіп, қиялын жаулап алған аңызбен қалды.

Біздің эрамызға дейінгі ІҮ-ІІ ғасырлар аралығында Каспий теңізінің деңгейі эллиндік авторлардың деректеріне сәйкес, Амудария суы Каспий теңізіне Узбой арқылы ақса да недәуір төмен болатын. Бұл жөнінде Александр Македонскийдің қызметкері тарихшы Аристобул айтқан( В.В.Бартольд, 1902, 11 бет). Бұл пікірді біздің дәуірімізден бұрынғы ІІІ ғасырда теңізде жүзуші Патрокл айтқан. Патроклдың пікірін Плутарх, Эратосфен және Страбон мақұлдаған (В.В.Бартольд, 1902, 13 бет). Евдокс Амударияның Каспийге құйған жерінде сарқырама болғандығын айтқан. Осы тектес мәліметтер Полибийде де кездеседі. Бірақ та кесімді түрде. (В.В.Бартольд, 1902, 15 бет). Иордан ешқандайда шүбә келтірместен, «басқа Танаис. Хрин тауларынан басталып, Каспий теңізіне құяды». (Иордан, 1960, 74 бер). «Хрин таулары» - Памир тауларының шығысында өмір сүрген тибеттердің солтүстік-батыс тармағы болып табылатын фриндер тұрған жерлер (Л.Н.Гумилев, 1959, 56 бет). «Хрин таулары»- Памир, ал «Басқа Танаис» өзені – Узбой мен Актамды қосқандағы Амурдария екендігі көрсетілген. 
Бұл ақпараттар А.В.Шнитниковты біздің дәуірімізге дейінгі бірінші мың жылдықтың ортасында Каспийдің деңгейі жоғары болған деп жорамалдауға мәжбүрлеген. ( А.В.Шнитников, 1957, 264-266 бет). Алайда, оның пікіріне келесілер қайшы келеді: Амурдария суы Узбойға тек қана Сарықамыс ойпаты арқылы құйылуы мүмкін. Асеке-Аудан ойпатымен қоса Сарықамыс ойпатының аумағы үлкендігі соншалық, онда булану мол болуы тиіс. Бұл Узбой арнасы өзінің көлеміне қарай секудына 100л3 суды өткізе алады; ол Каспий деңгейін көтеруге жеткіліксіз.
Біздің жыл санауымызға дейінгі ІІ ғасырда жасалынған Эратосфеннің картасында Каспийдің нұсқасы айқын көрсетілген (Дж.О.Томсон, 1953). Оның солтүстік жағалауы 1 параллельдің онтүстігінді орналасқан. Каспий теңізінің осындай нұсқасы (қазір су астында қалған) минус 36 абсолюттік белгідегі жағалау жолдарына (ең жоғарғы терассаның кемеріне көтерілетін терассаның сыртқы тігісінің белгісін айтады) сәйкес келеді. Шындығында, Узбой сол кезде Каспий теңізіне құятын болған, өйткені оның жалғасы - Ақтам арнасы – қазір теңіз түбіндегі минус 32 абсолюттік белгісінде жатыр. Егер бұл арна өте ежелгі болса, оның жақсы сақталуы мүмкін емес еді, оны күлдер мен теңіз қалдықтары басып қалған болар еді. Каспий теңізі өте ерте кезеңдерде өте төмендемеген (төменірек қараңыз) болатын және мүжілу мен иректелу (меандрлеу) жағдайлары болмады.

Амударияның суы толып тұрған кезеңде Каспий теңізінің деңгейі б.э.д. ІҮ-ІІ ғасырларда минус 36м-ден аспайтын белгіде тұрды. Яғни, осы кезеңде аридтық аймақтың ылғалдануы барынша жедел жүргендігін көрсетеді. Шындығында, б.э.д. ІІ ғасырда хундар Жоңғарияда жер өңдеумен айналысады (Л.Н.Гумилев, 1960). Бұл кезде қытай әскери хабарламасы хундардың Моңғол Алтайында, ал үйсіндердің Жетісуда орасан үлкен табындарды жайғандығы туралы айтады. Қазақстанның шығыс бөлігінде Тарбағатайдан Сырдарияның орта ағысына дейін орналасқан Кангюй патшалығы 200 000 салт аттыны шығаруға қабілетті бай, малы көп мемлекет еді. Сол кездегі қытай карталарында Шу өзені Ыстық көлден шығып, кең көлге құятындай етіп көрсетілген, ал қазіргі Ыстық көл Шу өзенімен байланыспайды және Шу өзені құмға барып сіңіп кетеді. Мұның өзі сол кезеңдегі ылғалдылықтың жоғарылығын және осы аудандарда халықтың тығыз орналасқандығын көрсетеді. Теңіз шөгінділері жапқан Ақтам өзенінің маңындағы шымтезектер б.э.д. 1 мың жылдықпен сипатталады, және өсімдік қалдықтарының сипаты қазіргі кезбен салыстарғанда ауа-райының барынша салқындағанын көрсетеді (В.Г.Рихтер, С.К.Самсонов, 1961). Тұщы сулы шөгінділер Красноводск шығанағының түбінен минус 35м белгісінен табылған (В.Г.Рихтер, 1961). Шымтезектің жинақталуының өзі Орта Азия климатының қазіргіге қарағанда ылғалдырақ болғандығын көрсетеді.
 
 Осы кезде Шығыс Еуропадан Ольвию, Херсонес грек және басқа порттары арқылы Рим империясы пайдаланатын астықтың орасан мол көлемі тасымалданды. Сондықтан, циклондардың жолы Волга бассейнін ылғалдандыруға және Каспий теңізінің деңгейін көтеруі тиіс Шығыс Еуропаның орталық бөлігі арқылы өтті.
 
 Осы жерде шығанақты теңізден бөліп тұрған, сипаты бардың жоғарғы белгісіне қатысты Каспий теңізінің деңгейімен анықталатын Қара-Богаз-Гол шығанағының түбіндегі шөгінділерді зерттеу көмекке келеді. В.Г.Рихтердің пікірі бойынша (1961) кезекті трансгрессия І ғасырдың соңына келеді және ІҮ ғасырдағы азғана кері кетушілікпен ауысады.
 
Өркендеу кезеңі Каспийдің минус 32м белгісіндегі төменде тұру кезеңімен дәл келетіндігі қызықтырады. Х ғасырда, біздің концепциямызға сәйкес, ылғалданудың гумидтік аймаққа ауысыуына байланысты Каспий теңізі деңгейінің кезекті көтерілуі болған кезде, біз көшпелі тайпалардың қазіргі Қазақстан аумағынан оңтүстік пен батысқа көшіп-қонуын байқаймыз. Х ғасырдың ортасында курлуктар Балқаш маңынан Ферғанаға, Қашқарға және қазіргі оңтүстік Тәжікстанға қоныс аударады (Б.Х.Кармышева,1960). Печенегтер Х ғасырдың басында Арал теңізінің жағалауын тастап шығып, оңтүстік Днепр маңына кетеді; олардан кейін Волга мен Оралдың арасында таралған торктер мен гуздар кетеді. Бұл кең көлемдегі осындай көшіп-қонулар болып табылады, бірақ ол Каспий деңгейінің азғана өзгеруімен дәл келеді, ол біз қабылдаған болжамның дұрыстығын растайды. Осы көшіп-қонуларды ірі саяси оқиғалармен байланыстырудың негізі жоқ, өйткені сол кезеңде атлант циклондары әрекетінен тыс жерде жатқан шығыс Моңғолдар аймағында ұйғырлардың тарихы басқаша болатын.
 
Х ғасырда теңіздің көтерілуі минус 29 м соңғы болған жоқ. ХІХ ғасырдың басына жағалау мәдениетін анағұрлым көбірек жоюды көтеру, италия георгафыны Марино Сануто (1320 жыл), «теңіз әр жылы бір уысқа келіп және көптеген жақсы қалалар жойылды» ( Л.С.Берг, 1949, 220 бет). Неджати айтқан, 1304 жыл арасында Абескун порты батып және теңізмен жұтылған ( Б.Дорн, 1875, 8 бет). 1339 жылы Казви-ни Каспий теңізінің көтерілуін былай айтып түсіндіреді, Амурдария өзінің ағысын бағытын өзгертіп, Каспийге құйылып, соның салдарынан « қажетінше су материктің бөлігін кіріс және шығыс теңескенше су басты» ( В.В.Бартольд 1897, 6 бет). Шүбә жоқ 13 ғасырдың аяғында Каспий теңізі көтерілді; бірақ Л.С.Берг ол 18 ғасырда 23,0 метрге көтерілгеннен асты дегенге күмән келтіреді. (Л.С.Берг, 1949, 221,267). Алайда, араб географы Бакуидің сөзі бойынша, 1400 жылы Каспий теңізі Бакудың жартысын сумен басып және су мешітте тұрған, яғни минус 20,27 м.,ал Б.А.Аполлов бұл мүмкін емес деп ойлайды. ( Б.А.Аполлов, 1956, 225-226 бет). Бұл мезгілде Каспий теңізінің деңгейі минус 19 м жеткеніндігін зерттеулер көрсетеді. Зерттеулер Каспий маңының жоғарғы қабатын өзгермеуін, 7-8 ғасырлардағы түрік кочевнигінің керамикасы шұңқыр маңындағы ежелгі жолдардың үрленуі жие кездесетіндігін, алайда бұл ешқашан минус 19 л. төмен нақты белгімен табылмаған көрсетеді. Бұл көрсетілген белгіден төмен ол теңіз қалдықтарымен көмілген деп түсіндіреді.Сондай-ақ Л.С.Бергтің өзі, каспий СаrcHшп ес1и1е b ұлулары минус 20.7 м. Белгіге жетеді. Бұл деңгейді ол ерте мезгілде қойған, ХҮІІІ ғасырдың трасгрессиясы ( Л.С.Берг,1949, 268 бет). Алынған ақпараттар ХҮІІІ ғасырға белгіленген минус 19 м тұтастауға мүмкін береді. СаrcHи қабыршықтары судың көтерілуін , түрік керамика мезгілінде ХҮІІІ ғасырдың аяғында жағалау сызығын анықтайды., өйткені оны жайма алқап, немесе теңіз қалдықтары жауып тұрады. Жағалаудан 15 шақырым жерде Иголкин банкінде ежелгі хазар кезеңіндегі елді мекеннің табылуы ең салмақты айғақ болып табылады. Фарватерді тереңдетіп қазып лақтыру кезінде таяз жерлерде, хазарлардікіне ұқсас иленген толқындатып жасалған керамика мен жануарлардың сүйектері табылды. Лақтырынды алынған қабаттың ең жоғарғы белгісі – минус 29.6м. Елді мекен желдің әсерінен су деңгейінің 2м дейін көтерілетін тегіс жерде орналасқандықтан, Каспий теңізінің деңгейі осы елді мекен өмір сүрген кездегі деңгейі ҮІ ғасырға сәйкес минус 32 метр деп есептеу қажет.
 
Сонымен, ортағасырлық Хазарияның көптеген бөлігі осы күнге дейін су астында жатыр, азғана бөлігі ХІҮ-ХҮІ ғасырлардағы трансгрессия кезінде су басқан болатын. Бэр дөңестерінің болуы ғана «Каспий маңы Нидерландысы» мәдениетінің материалдық ескерткіштерін табуға көмектесті. 

ХІІІ ғасырда моңғолдардың шабуылы жайылымдықтардың жетіспеушілігінен болғандығы бірнеше қайтара болжалды. Ол Орталық Азияның жеделдетіп кебуімен байланысты болды (К.К.Марков, 1961). Л.С.Берг (1947) бұл концепцияға қарсы болды, және оның ойы дұрыс болды, өйткені ХІІІ ғасырдың басы Орталық Азияны ылғалдандырудың шырқау шегіне жеткен кезең болды. Г.Е.Грумм-Гржимайло (1926, 1933) атап көрсеткендей, Шыңғыс хан мен оның мұрагерлерінің шапқыншылықтарының сипаты ІІІ және Х ғасырлардағы біз суреттеген шөл аудандардан стихиялы түрде жалпы қоныс аударумен ешқандай байланысы болған жоқ. Бұнда азғана, бірақ өте жақсы үйретілген әскери бірлестіктердің ұйымдастырылған жорықтарын көреміз. ХІІІ ғасырда моңғол хандары сыртқы саяси міндеттерді әскери жолмен шешті, және мал басы мен адамдардың көп болуы осы мәселелерді шешуге құралдар берді. Жаулап алынған жерлерге қоныстанған моңғолдардың саны өте аз болды. Мысалы, 200 000 әскерінің ішінде тек 4 000 ғана моңғолдар болды. Шығыс Иранда Бал-хом мен Гераттың арасында басты позицияға ие болу үшін 1 000 әскерін жібереді, олардың ұрпақтары осы күнге дейін хезар, яғни мың деген парсы сөзінен шыққан хезарейлер атын ұстануда. Оңтүстік Қытайдағы әскери елді мекендер де өте аз болды. (В.С.Стариков, 1961). Моңғол әскерлерінің көпшілігі өз отандарына қайтып оралады. Мұның өзі далалардың кебуінің ХІІІ ғасырдағы соғыстарға ешқандай қатысы болмағандығын дәлелдейді.
 
 ХІІІ ғасырдың соңында Каспий теңізінің деңгейінің барынша жоғары көтерілуі ең жоғары ылғалдану аймағының Тянь-Шаньнан Орталық Волгаға ауысуымен байланысты болды. Аридтық аймақтағы оңтайлы климаттық жағдайлар пессималдыққа ауысуы тиіс болатын. Шындығында, ХІҮ ғасырдың басында моңғол көшпелі шаруашылығы күрделі дағдарысқа ұшырайды. Юань династиясы моңғол хандарының әскери мүмкіндіктері бірден қысқара бастайды. ХІҮ ғасырдың 70-жылдары қытайлықтар моңғол езгісінен құтылады, және моңғол хандарының қарсыласуға күші де, құралдары да қалмайды. И.Е.Бучинскийдің зерттеулеріндегі (1954, 82,83 беттер) сол кездегі Ресейдің аумағында ХІҮ ғасырдан бастап циклон әрекетінің күшеюіне байланысты найзағай, жауын-шашын, су басу және басқа құбылыстардың жиілегендігін көрсеткен пікірі біздің түсініктерімізді растайды.
 
Ең жақын белгі 1587 жылы дербент қабырғасына қоса салынған Аббас шах мұнарасының деңгейіне дейін, теңіз деңгейі төмендеген кезде орнатылған. Бұл жөнінде Б.А.Апполов (1951, 138 бет) былай деп жазады: «Сол кезеңде солтүстіктен келе жатқан бір керуен таңертең қақпаны ашқан соң әрі қарай қала арқылы жүру үшін қабырғаның жанына түнеп шығу үшін тоқтайды. Бірақ таңертең қақпа қарауылшылары керуеннің жоқтығын және түйелердің қабырғаның жанында суда тұрғандығын көреді. Содан кейін Аббас І түйелер өте алмау үшін тереңдігі жеткілікті жерлерде теңізде үлкен мұнара салып, оны қабырға рқылы байланыстыруға бұйрық береді».
 
 Осы мұнараның қалдықтарын негізгі дербент қабырғасына перпендикуляр қабырға түрінде минус 28м белгіде қазіргі судан тауып алдық. Оның іргесі минус 28,5 м белгісінде тікелей теңіздің жартасты түбіне үлкен жонылған тастардан өрілген. Яғни, Аббас шахтың мұнарасы сасанидтер кезеңіндегі тастың үстіне салынған. Сондықтан мұнараны салу кезінде теңіз деңгейі қазіргіден жоғары болмаған. Б.А.Аполловтың өзі минус 31,2м абсолюттік белгідегі дербент қабырғасының үлкен үйіндісін мұнараның қалдықтары деп есептеген (Б.А.Аполлов, 1951,138 бет). Аквалангпен осы жерлерді зерттеу кезінде біз қалау сипатына қарай бұл ХҮІ ғасырдың мұнарасы емес, ол ҮІ ғасырдың қабырғасының қирандысы екендігіне көз жеткіздік. Сонымен, 1587 жылы Каспий теңізінің абсолюттік деңгейінің белгісі минус 28.0 м болған.
  

А.Дженкинсонның саяхатынан 30 жыл өткен соң теңіз 1 метрге көтерілген және әрі қарай көтерілу жалғасқан, өйткені 1623 жылы мәскеу көпесі Федор Афанасьевич Котов былай деп жазады: «Теңіздегі қала (Дербент) туралы мұнараны отыздан алды деп айтады, ал қазір мұнара суда орасан үлкен және берік тұр» (Б.А.Аполлов, 1951, 138 бет). Осы мәліметтер Каспийдің ХҮІ ғасырда төмендегендігін және циклондар жолының оңтүстікке, Волга бассейніне ауысқандығын көрсетеді.

 
Осы кезеңде судың жетіспеуіне байланысты Харо-Хото және басқа бірқатар Шығыс Т.ркістан оазистері жойылды (Г.Е.Грумм-Гржимайло,1933). Моңғол Алтайының қыраттарындағы бай аңшылық алқаптары иесіз шөлдерге айналды, Сары-су және Шу өзендерінің сағасындағы қазақ көлдері тартылып қалды, Моңғолия мен Жоңғариядағы көшпенділердің табындары қысқарып қалды.
 
Біздің Волга сағасында жүргізген археологиялық зерттеулеріміздің нәтижесінде Каспий теңізі өмірінің жаңа геологиялық тарихына деген қызығушылық пайда болды. Хвалын кезеңінен кейін Волга өзенінің сағасында шығыстан батысқа шектесіп жатқан жаңа каспий теңіз жазығы қазіргі Волганың шөгінділері жатқан негіз бола алады. Сағасынан солтүстікке қарай, ағыспен жоғары саға тарамдары жаңа каспий теңіз шөгінділеріне кіреді, сонымен бірге олар ағыспен жоғары қарай ежелгі жоғары және төменгі хвалын шөгінділеріне кіреді.
 
Жайылма алқап шөгінділерінің қимасының хронологиялық мәліметтері қазіргі жайылма алқаптың бірінші аллювий қабатын Каспий теңізінің қазіргі жағалау шегімен салыстыруға мүмкіндік береді. Осы қабаттың негізінен ХІІІ-ХІҮ ғасырдың керамикасы табылды, осы қабат кейінгі 500-600 жылда пайда болған.
 
Екінші қабат үшінші қабаттың шөгінділерін жабады, және құрамында мол қарашірік бар. Сондықтан біз оны минус 19 м абсолюттік белгісіне жеткен Каспий теңізінің ең жоғарғы деңгейімен салыстырамыз. Осы белгілерде ҮІІ-ХІ ғасырдың түрік керамикасы болмайтын Каспий теңізінің жағалау шегі байқалады. Осы трансгрессияның теңіз шөгінділері Бушма тармағының қорғандарында жатыр.
 
Жоғарыда келтірілген қиманың үшінші және төртінші қабаттары Каспийдің төменде тұру кезеңіне жатқызылады, яғни Хазар қағанатының өркендеге дәуіріне жатады. Осы қабаттар Каспий теңізінің минус 32м деңгейімен салыстырылады.
 
Бесінші және алтыншы қабаттарды біз Каспийдің төменде тұру кезеңінің алдындағы уақыттан барынша жоғары деңгейімен ерекшеленеді және минус 25 м белгісінде орналасқан теңіздің жағалау шегімен салыстырылады. Осы кезеңді тарихқа дейінгі уақыт деп белгілеу қажет.
 
Тарихи деректер мен археологиялық табылған заттар басқа ешқандай әдістермен қол жеткізілмейтін, абсолюттік уақыт белгісінің төрттік геологиясына енгізуге мүмкіндік береді. Бұның неотектоника және қазіргі геологиялық үдерістердің жылдамдығын зерттеуде мәні зор.
 
Тарихи және физика-географиялық заңдарды және олардың өзара байланысын ашу, бір жағынан, көптеген тарихи оқиғаларға жаңаша қарауға, екінші жағынан, - осы оқиғаларға географиялық ортаның әсерінің деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Кеңістіктегі табиғи жағдайларға географиялық талдау жасау, осы екі табиғи-тарихи кешендердің өзара байланысын ашу сияқты біз қолданған тарихи зерттеулер әдісі Еуразия көшпенді халықтарының табиғи жағдайда дамуын қарауға және тарихи оқиғалардың саяси сипатын физика-географиялық жағдайлардың өзгеруіне байланысты оқиғалардан ажырата алуға мүмкіндік береді.

Көрсетілген аспектіде тарихи фактілерді қарастыру табиғи жағдайды белгілейтін географиялық ортаның Еуразия құрлығындағы орманды дала аймағы халықатырының тарихи дамуы барысында үлкен роль атқарғандығын және ұлы мемлекеттердің тағдырындағы шешуші фактор болғандығын көрсетеді. Кей жағдайда билеушілердің дарыны мен ұлылығы олардың халықтарын жойылып кетуден қорғай алмады, ал басқа жағдайларда қатардағы жай хандар өз ордасының күш-қуатын сақтап қалуға күш-қайраты болды. Әрине, берік тең жағдайларда көсемдердің дарыны мен батылдығының зор мәні болды, бірақ Еуразияның орманды –дала аймағының халықтарының тағдырын жауын-шашын мен жасыл шөптер шешті.

Маңғыстау Қазақстанның оңтүстік батысында, дүниедегі бірден бір тұйық теңіз Каспий мен әлемдік мұхит деңгейінен төмен жатқан иен шөлейттің тоғысқан жерінде орналасқан. Солтүстік бөлігі Каспий маңы ойпаты, орталығы Маңғыстау түбегі мен әлемдегі ең терең ойпат Қарақия, оңтүстік-батысы келесі ойпат Қарынжарыққа келіп ұштасатын Кедірлі-Қаясан сілемдері, шығысы Үстірт жазығы. Облыстың 165,4 мың шаршы шақырымдық аумағы бір-біріне көлденең созылып жатқан Ақтау мен Қаратау жоталарымен бөлінген. Қаңтардағы орташа температура 4-90 С. Жауын-шашынның жылдық мөлшері 150 мм шамасы. Аймақтың едәуір бөлігі некен-саяқ бұталы учаскелер ұшырасатын жусанды-сортаңды шөлейт дала. Шөл далада сая боларлық көрікті көгалды алқаптар да бар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары