Куәгерлер Алматы-Бішкек тасжолында өртеніп жатқан көлікті видеоға түсіріп алды. Көліктің жол-көлік оқиғасы салдарынан өртенгені айтылады деп жазады Tengrinews.kz.
«Алматы – Бішкек тасжолында екі көлік бетпе-бет соғысты. Жол апаты салдарынан бір көлік толықтай өртеніп кетті. Зардап шеккендер жайлы айтылмады», – делінген Instagram желісіндегі kris_p_almaty паблигінде.
Куәгерлердің айтуынша, жол апаты 26 ақпанда таңғы сағат 8-де Алматы облысы Отар ауылының маңында болған. Екі көлік соқтығысып қалған. Сондай-ақ, куәгерлер төтенше жағдайдан екі адамның қаза тапқанын айтады. Айтуларынша, өртенген көліктің ішіндегі адамдар қаза болды.