$ 446.49  475.38  4.79

Алматыдағы автосалонда ер адам аса қымбат Rolls-Royce көлігімен витринаны қиратты (ВИДЕО)

Алматыдағы автосалондардың бірінде түсірілген видеоролик әлеуметтік желілерге тарап кетті. Кадрлардан аса қымбат әрі су жаңа Rolls-Royce автокөлігінің витринаны қиратқанын анық көруге болады.

Кейінірек белгілі болғаны, автосалонға келген ер азаматтардың бірі Rolls-Royce Ghost автокөлігінің тізгініне отырып көріп, газ педалін басып жіберген.

"Жас жігіт көліктің салонында отырып, байқаусызда газ педалін басып жіберген, тиісінше автокөлік жүріп кетіп, автосалонның шыны витринасын қиратты. Барлық жайтты анықтау үшін оқиға орнында полицейлер жұмыс істеп жатыр", - дейді Astana Motors компаниясының өкілдері.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары