$ 443.44  480.51  4.88

Шымкенттік прокурор алған парасының жартысын қайтарып жатқан кезде ұсталды

Шымкент қаласы Еңбекші аудандық прокуратурасының прокуроры ұсталды деп хабарлайды ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі.

"28 наурыз күні Оңтүстік Қазақстан облыстық прокуратурасының Ішкі қауіпсіздік қызметі Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бюросы қызметкерлерімен бірігіп, алған парасының бір бөлігін қайтарып беріп жатқан Еңбекші аудандық прокуратурасының қызметкерін ұстады", - делінген аталған хабарламада.

Белгілі болғандай, прокурор параны жергілікті тұрғыннан алған екен. Бұл ақша үшін ол аталған адамның қылмыстық жауапкершілік мәселесін шешіп беруге уәде берген. Қазіргі таңда прокурордың үстінен қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүріп жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары