$ 498.34  519.72  4.85

Талдықорғанда автобус өртеніп, жолаушылары тірідей жанып кете жаздады

Талдықорғанда 27 наурыз күні №25 бағытта қатынайтын жолаушылар автобусы өртенді. Оқиға орнынан түсірілген фотосурет Instagram әлеуметтік желісі арқылы тарап кетті.

«Дәл қазір №25 бағыттағы автобус өртеніп кетті. Түтіннің иісін Еркін айналма жолынан кейін сездік. Ал, аквапарк пен 16-үй арасына келгенде салонның алдыңғы бөлігі өртене бастады. Есіктер ашылмай қалды, қайта іште ер жігіттер болып, күшпен ашты және қариялар мен балалардың тезірек шығып кетуіне көмектесті. Санаулы минуттар ішінде автобустың ішін қара түтін шарпыды. Осы 25-ші бағыттағы автобустардың барлығы өте ескі. Үкіметке қоғамдық көліктерді тексеру туралы өтініш жазбақшымын. Төтенше жағдайлар қызметі қашан апат болады деп күтіп отырмай, осындай проблемалармен күресулері қажет», — деп жазды Амина есімді Instagram қолданушысы. Ол өзінің сол автобуста болғанын айтады.

Автобус өрті небәрі 11 минутта өшіріліпті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары