$ 498.34  519.72  4.85

Аман Төлеев депутат болып бекітілді

Кемерово облысының Сайлау комиссиясы облыстық кеңесте бос тұрған депутаттық мандатты экс-губернатор Аман Төлеевке беру туралы шешім шығарды. Бұл туралы РИА Новости хабарлап отыр.

"Бүгін Кемерово облысы бойынша сайлау комиссиясының кезекті отырысында осындай мәселе көтерілді. Бос тұрған депутаттық мандат "Едина Россия" партиясының өкілі Төлеев Аман Молдағазыұлына берілді", - делінген аталған хабарламада.

Жергілікті БАҚ өкілдерінің хабарлауынша, кешегі аптаның жексенбісінен бері Кемерово қаласындағы қоғамдық көліктердің көбісіне Аман Төлеевтің қоштасу сөздері жазылыпты. Экс-губернатор жергілікті тұрғындарға бақыт пен сәттілік тілеген.

Еске салайық, Кемерово қаласындағы алапат өрттен кейін жергілікті тұрғындар ереуілге шығып, губернатор Аман Төллев пен қала мэрін қызметтен қууды талап еткен болатын. Артынша, Төлеев халқына видеоүндеу жолдап, отставкаға кететінін мәлімдеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары