$ 498.34  519.72  4.85

«БОРЖАҚТЫ-ЕРСАЙ» ТЕМІРЖОЛЫ САЛЫНАДЫ

Бұл өңіраралық байланысты нығайтудың жаңа жобасы

Елбасының «Нұрлы жол» Жолдауының басты бағыты – еліміздегі өңіраралық байланысты барынша нығайту, сол арқылы алысты жақын ету екені белгілі. Осы мақсат үдесінен шығу – маңғыстаулықтардың да алдында тұрған басты міндет болып отыр.

Осыған орай мұнайлы аймақта қолға алатын шаралардың ауқымы кеңейе түсуде. Ең алдымен Ақтау халықаралық теңіз порты уақыт талабына сай біршама кеңейтілетін болады. Бұл үшін сыйымдылығы жоғары танкерлер мен алып кемелерді қабылдай алатын құрлық портын дамыту мақсатында Ақтаудан жаңа портқа дейін «Боржақты-Ерсай» теміржолы салынады. Биылдан бастап аймақта былтырғы жылы іске қосылған «Жезқазған-Бейнеу» теміржолының бойымен жолаушылар пойызы жүре бастайды. Қазақстан, Түрікменстан мен Иран елдерін байланыстыратын халықаралық теміржолмен жаңа жүктер жөнелтіледі. Өңіраралық байланысты нығайтып, жаңа жолдар салу – Маңғыстау сияқты алып аймаққа өте қажетті шара. Аймақта қара алтыннан басқа да байлық көздері жеткілікті. Алысты жақын ету арқылы қаншама экономикалық тиімділікке қол жеткізуге болатындығын оларға өмірдің өзі ұсынып отыр. Сондықтан да алдағы уақытта Маңғыстау облысында көліктік-логистикалық инфрақұрылымдарды дамыту бойынша орасан зор жұмыстар атқарылатын болады. Маңғыстау облыстық көліктік бақылау инспекциясының ұжымының мәлімдеуінше, қазіргі басты міндет – теміржол көлігі тасымалындағы қауіпсіздікті толық қамтамасыз ету болып табылады. Аймақтың қазіргі тынысынан ертеңгі күнге деген сенімнің жылы лебін сезуге болады. Өйткені, Елбасының «Нұрлы жол» бағдарламасына енген «Боржақты-Ерсай» теміржолының іске қосылатын дер шағын маңғыстаулықтар тезірек көргісі келеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Алдыңғы жаңалық
Ел мұраты - Мәңгілік ел