$ 494.87  520.65  4.91

Қытай Ұлы Жібек жолын жандандыруға кірісті

Шыңжан Ұйғыр автономиялық өлкесінің Орталық Азияға тартылатын жаңа теміржол құрылысы «Бір белдеу, бір жол» жобасы бойынша жүзеге асырылып жатыр.

Бұл бағыт жол қысқартып, жүк тасымалына кететін уақытты да бірнеше есеге кемітеді, деп хабарлайды 24.kz.

Қазір қытайлық жеміс-жидектер Орталық Азия елдеріне автожол арқылы тасымалданады. Жеткізу уақыты ұзақ әрі қымбатқа шығады. Жалпы жылдық экспорт 500 мың тоннадан аспайды екен. Ал теміржол қолданысқа берілсе, тасымал көлемін 30 есеге көбейтуге болады. Сондықтан Қытай Қазақстанның шекарасына дейінгі теміржол жобасына 800 миллион доллар салуға дайын.

- Қазақстан тарапы Астанадан Тачэнға дейін теміржол төсейтін болады. Екі елдің теміржолы бір-біріне қосылғанда Тынық мұхиты жағалауынан Еуропаға дейін 8 күнде жетуге болады. Салыстырмалы түрде айтсақ, теңіз арқылы бұл жолды 1,5 ай жүресіз, - дейді Қытай теміржол корпорациясының өкілі Ху Синьхун.

Қазақстан мен Қытайдың арасындағы бұл иен даланың төсі кезінде тіршілігі қайнаған Жібек жолының бойы болатын. Керуеннің маң-маң басқан ізімен енді заманауи теміржолда жүйрік пойыздар жүйткімек. Қытайлар бұл күре тамырдың негізгі бөлігін 2016 жылдың соңына дейін салып бітіреміз деп отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары