$ 449.58  486.94  4.86

Алматыда жоғалып кеткен 7 баланың анасы аман-есен табылды

Алматыда 13 мамыр күні таңертең жоғалып кеткен 48 жастағы Дариға Әбілахимова аман-есен табылды. Бұл туралы қалалық ІІД-нің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Әйел кеше түнде табылыпты. Туыстарының айтуынша, ол қазір ауруханада екен. Алайда, оның денсаулығына не болғаны белгісіз, полицейлер оның аман-есен екенін мәлімдеді. Сондай-ақ, Д.Әбілахимованың осы күнге дейін қайда болғаны да әлі айтылмай отыр.

Нске салайық, 7 баланың анасы 13 мамыр күні таңғы 5:30 шамасында Райымбек даңғылының бойындағы "Жібек жолы" автобөлшек сататын базардан "Апорт" сауда орталығына қарай шығып кетіп, содан оралмаған. Туған-туыстарының айтуынша, ол таңертең ерте саумал алып келмек болыпты. Ешкіммен ұрыс-керіске бармаған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары