$ 494.87  520.65  4.91

Алматы облысында өздерін «халық емшісі» дегендер бақа аулауға кіріскен

 Алматы облысының екі тұрғыны өзін «халық емшісі» санап, жанталаса бақа аулауға кіріскен. Бұл туралы  «Экспресс К»  басылымы жазады.

Қызыл кітапқа енген Сібір бақалары жойылуға шақ қалғанына мән бермеген «емшілер» бақаларды жұрттың дертіне ем табу үшін аулағандарын алға тартты.

Олар 11 бақаны науқастың жүрек жұмысын жақсартып, түрлі вирустардың көзін жою мақсатында аулағанын айтып, ақталған.

Дегенмен тәртіп сақшылары сирек кездесетін бақаларды жоқ қылуға шақ қалған екі браконьерді қамауға алды.

Лариса Штоппельдің материалынан аударылды.

Дереккөз: NUR.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары