Жаңаөзенде 12 жасар балалар қымбат көліктерді айдаған. Бұл туралы видео әлеуметтік желіде кеңінен тарап кетті. Осы сәтті автокөлік айдағандарын мақтаныш көрген балалардың өздері телефон камерасына түсірген деп жазады ИнАктау.
Автордың айтуынша, Toyota Land Cruiser Prado маркалы көлігімен түнгі Жаңаөзен қаласын аралағандар байдың балалары екен.
Артынша Маңғыстау облысының ІІД-ті бұл бейнежазбаны тексеріп, балалардың кім екендерін анықтады.
Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, 7-сынып оқушысы ата-анасының рұқсатынсыз көлікті түнгі уақытта айдап кеткен.
Қазіргі кезде автокөлікті тізгіндеген 12 жасар баланың әкесінің үстінен ҚР Әкімшілік кодексінің 612-бабы (Құжаттары жоқ және басқару құқығы жоқ адамның көлiк құралын басқаруы) және 593-бабы бойынша хаттама толтырылды.
ЕСКЕРТУ: Видеода бейәдеп сөздер кездеседі