$ 449.58  486.94  4.86

30 ел EXPO-2017 көрмесіне қатысатындықтарын растады

30 ел Астана қаласында өтетін EXPO-2017 халықаралық көрмесіне қатысатындықтарын растады.

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз конференциясы барысында Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары және «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесінің комиссары Рәпіл Жошыбаев мәлімдеді.

«ЭКСПО-2017 комиссары ретінде мен көрмеге қатысатын елдерді жұмылдыру жұмыстарымен айналыса беремін. Бүгінде 30 мемлекет пен 4 халықаралық ұйым қатысатындықтарын растады. 8 ел өз комиссарларын бекітіп те қойды», — дейді ол.

Оның айтуынша, жылдың соңына дейін тағы да 30 елді аралап, олардың келісімін алу жоспарланып отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары