$ 498.34  519.72  4.85

ШҚО-да қараусыз қалған 7 жасар бала суға ағып кетті

Шығыс Қазақстан облысында сенбі күні екі бірдей адам суға батып кетті. Олардың бірі - 7 жасар бала деп хабарлады ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметі.

Бозбаланың суға ағып кетуіне өз күшін бағалай алмауы мен жүзе алмауы себеп болса, кішкентай бала қараусыз қалғандықтан тілсіз жаудың құрбаны болған. Ол жалғыз өзі шомылмақ болған.

«2 маусым күні сағат 16:45-те Жарма ауданындағы Қызылағаш ауылында Қарасу өзеніне 2012 жылы туған бала батып кетті. Ол шомылуға рұқсат етілмеген жерде суға түскен. Дәл осы күні кешкі сағат 20:20-да Семей қаласының іргесіндегі Бобровка ауылында Ертіс өзеніне шомылмақ болған 1998 жылғы бозбала ағып кетті", - делінген аталған хабарламада.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары