$ 443.44  480.51  4.88

Ақтауда автокөлік өртеніп кетті (ВИДЕО)

Ақтауда кеше түнгі сағат 00:15 шамасында Green Park тұрғынүй кешенінде автокөлік өртенді. Бұл туралы Маңғыстау облысының ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» хабарлап отыр.

Өрт сөндіру қызметіне хабарлама сағат 00:18-де түсіп, оқиға орнына жедел түрде автоцистерна мен алты адам жеткізілген.

«Сағат 00:26-да келген өрт сөндірушілер жалынды 00:35 шамасында тоқтата алды. Зардап шеккендер жоқ», - деп мәлімдейді баспасөз қызметі.

Анық болғандай, 2011 жылғы Opel Astra автокөлігі жанып кеткен. Қазіргі кезде өрттің шығу себеп-салдары анықталуда.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары