Түркістанда жол апатынан жалындай бастаған көлікте ер адам өртеніп кетті деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Оқиға 4 маусымда кешкісін қалаға кіре беріс жерде болған. Audi көлігінің жүргізушісі жылдамдықты асырып, жүк көлігінің артқы жағына соғылған. Соққыдан жеңіл көлікте өрт шыққан. Көлік салонында болған ер адам мерт болды.
ЖКО туралы ақпаратты ОҚО ІІД-нің баспасөз қызметі растады. Audi маркалы көлігінде ер адам жалғыз болған.
"Жол-көлік оқиғасы туралы хабар Түркістан ІІД-нің кезекші бөліміне түсті. Оқиға орнына бірден жедел-тергеу тобы аттанды. Бұл дерек СДТБТ-ға тіркелді", – делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.
Қазір сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.