$ 443.85  474.3  4.8

Байқоңырда Юрий Гагариннің отырғызған ағашы қурап қалды

Байқоңыр ғарыш айлағында әлемдегі алғашқы ғарышкер Юрий Гагарин еккен ағаш қурап барады деп хабарлайды РИА Новости, ұшқыш-ғарышкер, Кеңес одағының батыры, Ресейдің Мемлекеттік думасының депутаты Валентина Терешковаға сілтеме жасап. 

«Юрий Гагариннен бастап саяжол отырғыза бастаған едік. Сондай бір ағаш түрі бар – қарағаш, ыстық пен суықта да, ылғалдың аздығында да өсе береді. Қазір ол үлкен саяжолға айналды, біз Юрийдің ағашы қалай тұрғанын үнемі бақылап жүреміз», – деп атап өтті Терешкова. 

Оның сөзінше, ағашты үш рет көшіріп отырғызған, бірақ, ол бәрібір қурап қалып жатыр. Осыған байланысты Терешкова ағаштың неге қурап жатқандығын анықтауды сұрады.

Дереккөз: Тengrinews.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары