17.06.2018, 07:29

Степногорск түрмесінен аса қауіпті қылмыскер қашып кетті

Аса ауыр қылмысы үшін Ақмола облысы Степногорск қаласындағы түрмеде жазасын өтеп жатқан қылмыскер қашып кетті.

ҚР ІІМ-нің ресми өкілі Алмас Сәдубаев мәлімдегендей, қауіпті қылмыскер 17 маусым күні Степногорск қаласындағы түзеу мекемесінен қашып шыққан.

"17 маусым күні Степногорск қаласындағы ЕЦ-165/18 мекемесінен аса ауыр қылмыс істеген сотталушы Е.Ж.Касенов қашып шықты. Қазіргі таңда ішкі істер органдары оның қайда екенін анықтап, ұстау үшін шұғыл кешенді шаралар жүргізуде", - деп мәлімдеді Сәдубаев.