Балық өнімінен табылған зат гендік деңгейде мутацияны қоздыруы мүмкін.
Ресей ауыл шаруашылығын қадағалау қызметі (Россельхознадзор) қазақстандық кәсіпорын өніміне қатысты лабораториялық бақылауды күшейтті.
Ведомство мәліметінше, зертханада «J.F.M. company» ЖШС қазақстандық балық өнімін шығарушы кәсіпорынның өнімдері тексерілген. Зерттеу барысында Еуразиялық экономикалық одақ пен Ресей талаптарының бұзылғандығы анықталды: шпрот майында бензапирен табылыпты.
Соған байланысты Россельхознадзор осы компанияның өнімдерін жеткізуге қатысты лабораториялық бақылауды күшейтуге шешім қабылдады.
Бензапирен – канцерогендік қосылыс әрі гендік деңгейде мутацияға ұшыратуы мүмкін.
Дереккөз: Sputniknews.kz