Суреттегі қыздың аты-жөні - Виктория Берікқожаева. Жынысын ауыстырмай тұрып есімі Кәрімжан болған. Трансгендер ақша бопсалағаны үшін 7 жылға бас бостандығынан айрылған. Дәл қазір Алматы облысындағы Жауғашты калониясында жазасын өтеп жатқан қылмыскер ондағы адам шошырлық жайттарды айтып, хат жолдады деп жазады NewTimes.kz.
Викторияны алғаш қамауға аларда оны әйелдер не ерлер калониясына бөлу проблема болыпты. Психологтардың қабылдауынан кейін оны әйелдер жатқан жаққа жіберген. Алайда шешім шыққанша, оған ерлер калониясында 1 күні түнеуге тура келген. "Сол жердегі жұмысшылар маған келіп "шешін, жыныс мүшеңді көрсет" деді. Ұстатуын талап етті. Камера қатты суық болатын. Түн ортасында тоңып, жамылғы сұратқанымда маған жыныс мүшеңді көрсетпесең, көрпе жоқ деді. Алғашында қарсы болғаныммен кейін шыдамадым. Тоңғанымнан олардың қалағанын орындадым", - дейді ол. Виктория түрмеден көрген басқа қорлықтарын қоғам белсенділеріне айтқан. 2017 жылдың қазан айында арнайы хат та жолдаған оларға. Десе де, бойжеткеннің жанайқайын еститін әзірге бір де бір жан табыла қоймапты.