$ 494.87  520.65  4.91

Ақмола облысында 4 адамның денесі табылды

Биылғы жылы суға батып қайтыс болған адамдардың саны күрт көбеюде. Үш күннің ішінде 4 адамның мәйіті табылған. Бұл туралы аймақтық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап Казақпарат хабарлайды.

Шілденің 14-і күні Аршалы ауданының Бірсуат су қоймасында балық ауламақ болған 1959 жылғы ер адам суға батып кеткен. Оның денесі араға үш күн салып 17 шілдеде Ақмола облыстықТЖД жедел құтқару отрядының көмегімен жағаға шығарылды.

Сондай-ақ 16шілде күні Шортанды ауданының Бозайғыр ауылындағы су қоймасына батып кеткен 1998 жылғы жасөспірімнің денесі табылған болатын. 

Ал 17-ші шілде күні Целиноград ауданында суға батып кеткен екі адамның мәйіті табылып, жағаға шығарылды. Оның бірі Қызылсуат ауылындағы су қоймасынан табылған 25-35 жас шамасындағы бет-бейнесі азиаттық қыз болса, екіншісі Қызылжар ауылында Нұра өзеніне батып кеткен 1972 жылғы ер адам екені анықталып отыр.

Бұл жағдайларды Қазақстан аумағында күннің күрт ысып кетуінен және демалуға шыққан адамдардың ішімдікті асыра пайдаланғанның кесірінен болып отыр дейді мамандар. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары