02.07.2018, 06:57

Байқоңырда әлеуметтік желіні пайдалануға тыйым салынды

Байқоңыр ғарыш айлағында жұмыс уақытында жұмыс компьютерлерімен де, жеке гаджеттермен де әлеуметтік желіні пайдалануға тыйым салынды. Бұл ақпараттың жайылып кетуінің алдын алу мақсатында жасалған делінген ғарыш айлағының директоры Евгений Раковскийдің өкімінде.

"Қызметтік ақпараттың жайылып кетпеуін, еңбек тәртібінің сақталуын қадағалау мақсатында филиал қызметкерлеріне жұмыс кезінде әлеуметтік желілерге және жедел хабар алмасу жүйелеріне кіру үшін жеке ұялы телефондары мен планшеттерін пайдалануға тыйым салынады", — делінген құжат мәтінінде.

Құжатта әлеуметтік желілер тізімі мен Telegram сияқты мессенджерлер атауы көрсетілген.

Қызметтік хабар алмасу үшін ұжымдық электронды пошта қызметін пайдалану талап етіледі, делінген өкімде.

Дереккөз: Sputniknews.kz