$ 494.87  520.65  4.91

Жыныс мүшесіне телефон қуаттағышын тыққан жасөспірім ауруханадан бір-ақ шықты

"Қызыққұмар" жасөспірім смартфонның қуаттағыш сымын жыныс мүшесіне тығып көріп, операциямен алдыртуға мәжбүр болды деп хабарлайды Sputniknews.kz.

Осы жайтқа тап болған 13 жасар жасөспірімнің есімі жарияланған жоқ. Ер бала өзгелердің сөзіне еріп, 20 сантиметр USB кабелін жыныс мүшесіне тығып көреді. Бірақ, өкінішке қарай, қайта ала алмаған.

Ата-анасы баланы Қытайдың солтүстік-шығысындағы Хэйлунцзян провинциясындағы жергілікті ауруханаға алып барады. Дәрігерлер сымды алып шығу үшін май жаққан көрінеді.

Соған қарамастан, сымды шығару мүмкін болмай, жасөспірімнің жанына батып ауырған соң, келесі күні Харбин балалар ауруханасына ауыстырылыпты.

Дәрігерлер мән-жайды түсіндіргендей, ер бала сымның бір ұшын кесіп, жыныс мүшесіне тығыпты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары