$ 443.35  475.54  4.82

Жалғызбасты ана Шелек ауруханасының жағдайын жариялағаны үшін жазаланған

Бір апта бұрын ғана 3 адамы кәріздегі метан газына уланып, қайтыс болған Шелек аудандық ауруханасының аты тағы шықты. Іргетасы өткен ғасырдың 70-шы жылы қаланған ғимаратқа бүгінге дейін бірде-бір рет күрделі жөндеу жүргізілмепті. Дәрігерлер әбден тозған ауруханада мыңдаған адамның өміріне араша боп жүр. Қарапайым халық заманауи медициналық құрал тұрмақ, қарапайым ультра дыбыстық зерттеуі жоқ, алқа-салқа ауруханада емделуге мәжбүр. Себебі басқа аурухана, Есік қаласында, яғни 80 шақырым жерде ғана бар деп хабарлайды 31 арна.

Шелек аудандық ауруханасының бүгінгі жабайы күйі әлеуметтік желіге Жанна Асанова есімді азамат пост жазған соң, қоғамда қатты талқыға түсті. Жанна аудандық аурухананың әбден тозғанын суреттермен сөйлетіпті.

Науқастар үшінші қабаттағы жансақтау бөлімі мен ота жасату үшін хирургияға өз аяғымен барады. Ал, инсульт алғандарды, ауыр жарақаты барларды қайтіп жеткізеді?

«Бүгінгі күнде күрделі жөндеу жұмыстарына проектно-сметалық құжаттар толық дайындалып, 2017 жылы өткізіліп, берілген. Бүгінгі таңда сол құжаттарға сәйкес күрделі жөндеу жұмыстарын күтіп отырмыз», - дейді Шелек аудандық аурухана директоры Жақып Желеуов.

Ал Сания Рахматулина есімді жалғызбасты ана, аурухана проблемаларын ғаламторға шығарғаным үшін қудаландым деп отыр. Екінші топ мүгедегінің үстінен іс қозғалып, сот дәрігерлерді балағаттады деген айыппен, оған 1 миллион 100 мың теңге көлемінде айыппұл төлеуді міндеттепті.

«ҚР ҚК 130-бабы (Жала жабу) мен 131-бабы (Қорлау) бойынша үкім шығарылды. Менің зейнетақымнан ақша алып отырады. Яғни зейнетақы – мен үшін жалғыз табыс көзі. Мені мүгедек қылғаны аздай, оған қоса зейнетақымды алып отыр. Мен – жалғызбасты анамын. Аурухананың жеткен жағдайы сонша, мүгедектердің зейнетақысын тартып алуда», – дейді Шелек ауылының тұрғыны Сания Рахматулина.

Шелек ауруханасын жөндеуге шамамен 600 миллион теңге қажет екен. Бізде миллиондар тұратын халықаралық форумдар мен конференциялар өткізгенде ақша табылады. От шашуға да аянып қалмайды. Ал неге бұл қаржыға қарапайым елге қызмет ететін ауыл ауруханаларын заман талабына сай етіп жасап бермеске?!

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары