$ 494.87  520.65  4.91

Иранда 700 адам өлім жазасына кесілді

Иранда 2015 жылдың басынан бері 694 адам өлім жазасына кесіліп, үкімдері жүзеге асқан деп жазады Amnesty International құқық қорғау ұйымының сайты baq.kz ке сілтеме жасап.

15 шілде күні Тегеран ресми түрде өлім жазасына кесіліп, үкімі орындалған қылмыскерлердің саны 246 адам деп мәлімдеген болатын. Елде әдетте өлім жазасын дарға асу арқылы орындайды. Өлім жазасына кісі өлтіргендер, зорлағандар, есірткі саудасымен айналысқандар, педофилдер, гомосексуалдар, қарақшылар, жұбайының көзіне шөп салғандар, адам ұрлау және лаңкестік кесіледі. 

Елде неліктен өлім жазасына кесілгендердің саны артып кеткендігі айтылмай отыр. Белгілісі, өлтірілгендердің көпшілігі есіртік саудасымен айналысқандар немесе қатысы бар адамдар болған.

«Егер Иран билігі дәл осы қарқынмен қылмыскерлерді өлтіре беретін болса, онда жыл соңына дейін өлім жазасына кесілгендер саны мың адамнан асады» дейді Amnesty International ұйымы директорының Таяу Шығыс және Солтүстік Африка елдері бойынша орынбасары Саид Бумедуха.

Құқық қорғау ұйымының мәліметінше, қазіргі таңда өз үкімін күтіп тағы сан мыңдаған ирандық түрмеде отыр.

 
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары