$ 443.44  480.51  4.88

Ақтауда таксиге отырып, жоғалып кеткен келіншек табылды

Туыстары 10 шілдеде жоғалып кеткендігі туралы мәлімдеген Қырмызы Энепияева Түркістан қаласынан табылды. Бұл туралы Маңғыстау облыстық ІІД баспасөз қызметі мәлімдеді деп жазады Lada.kz.

Екі күн бұрын жоғалып кеткен Қырмызы Энепияева Түркістан қаласынан табылды.  Сөйтсе, ол өзімен бұрын бірге оқыған құрбысына кетіп қалған.

Маңғыстау ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, келіншек бұрын пойызда жолсерік болып жұмыс істепті. Ол Түркістанға пойызға билетсіз отырып кетіп қалған.

«Қазіргі уақытта келіншек аман-есен. Туыстары оны Түркістаннан өздері алып кеткісі келетіндерін айтты», – дейді баспасөз қызметіндегілер.

Еске салсақ, 10 шілдеде кешкі сағат 18:00 шамасында үйіне қайтпақшы болған келіншек Сары базардан таксиге отырған. Сол уақыттан бері оның қайда екенінен ешкімнің хабары болмаған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары