19.07.2018, 06:58

Ақтөбелік әйелді бөтелекелесі ұрып өлтірді

Үйге келген қонағын өлгенше сабаған ер адам 10 жылға бас бостандығынан айрылды деп жазады diapazon.kz.

Сәтбаев көшесіндегі пәтерінде 35 жастағы ер адам таныс әйелмен бірге ішімдік ішіп, біраз уақыт өткеннен кейін төсектес болуға ұсыныс жасаған. Ұсынысынан бас тартқан әйелді ол ұра бастаған. Әйел жерге құлап қалған кезде де ол өзін тоқтатпай, әйелді қолымен де ұрған, аяғымен де тепкілеген. Алған жарақаты салдарынан әйел ауруханада көз жұмды.

Сот отырысында ер адам әйелді ұрғаннан кейін оны көтеріп, подъезге шығарып тастағанын, одан кейін пәтеріне келіп, ұйықтағанын айтты.

Сот үкімі бойынша ол 10 жылға бас бостандығынан айрылды және қайтыс болған әйелдің туыстарына 5 миллион теңге моральдық шығынды өтеуге міндеттелді. Үкім заңды күшіне енген жоқ. Қайтыс болған әйелдің 13 жастағы ұлы болған.

Дереккөз: Baq.kz